Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Қызыл жегінің терең формасы



Pdf көрінісі
бет160/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Қызыл жегінің терең формасы
(
LE profundus
, Капоши-
Ирганг формасы) сирек кездеседі. Тері астылық клетчатканың 
астынан бір не бірнеше түйінмен көрінеді. Терісі қалыпты не 
көкшіл-қызғылт түсті. Көбіне дискоидты қызыл жегіге тән 
ошақтар кездеседі. Ошақтар терең орналасқан, ауырсыну сезімін 
тудырмайды, қатаң шектелген, диаметрі 1-ден бірнеше 
сантиметрге дейін. Орналасатын орны – маңдай, бет, иық терісі.
Дискоидты қызыл жегінің пайда болғанынан кейін 9 жылдан соң 
пайда болған ошақтары бар науқас сипатталған. Ошақтар 
кеткеннен кейін терең атрофиялық өзгерістер қалады. 
Кальцификация болуы мүмкін. 
Қызыл 
жегінің 
басқа 
формалары 
(папилламотозды, 
гиперкератикалық, дисхромикалы және басқалары) одан да сирек 
кездеседі. 


 Диагностикасы
.
Тек клиникалық көрінісіне қарап аурудың 
ауырлық дәрежесі мен қызыл жегінің дискоидты не жүйелі қызыл 
жегіге жататының анықтау мүмкін емес. 
Қанның клиникалық анализі диагностикалық маңызды емес, 
бірақ аурудың ауырлық дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді 
(ЭТЖ 
жоғарылауы, 
лейкопения 
және 
лимфопения, 
тромбоцитопения). 
LЕ-жасушалар (жегі жасушалары) ашық-қызғылт түсті 
гомогенді ядорлы массаны фагоцитерлеген нейтрофил болып 
табылады. LЕ-клетка көлемі ұлғайған, 
фагоцитерленген 
массамен 
периферияға қарай ысырылған таға 
тәрізді ядродан тұрады 
(84-сурет).
Бұл 
клеткалар жүйелі қызыл жегіде жиі 
кездеседі (70-80 %), ал дискоидты 
қызыл жегіде 3-7% жағдайда ғана 
кездеседі. 
Тура 
және 
тура 
емес 
иммунофлюоресценция 
реакциясы 
(РИФ) базальді мембранаға бекіген 
антиденелерді 
анықтауға 
(жегілік 
сызық тесті) мүкіндік береді. Тура 
РИФ-да биоптатты, тура емесінде – 
науқас сарысуы немесе тест системаны 
(адам терісі немесе көжек, теңіз 
шошқасы, атжалман өңеші) қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет