Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Еріндердің қызыл жиегінің және ауыз қуысының



Pdf көрінісі
бет162/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

2.3.1.1. Еріндердің қызыл жиегінің және ауыз қуысының 
кілегей қабатының зақымдалуы 
Жегінің дискоидты түрінде еріндердің қызыл жиегі жиі 
зақымдалады. Бұндай орналасуында қызыл жегінің 4 клиникалық 
нұсқасы болуы мүмкін: 
• типті; 
• клиникалық айқын атрофиясыз; 
эрозивті-ойық жаралы
• терең.
Типті формасында еріндердің қызыл жиегінде оваль пішінде 
инфильтративті ошақ пайда болады, сонымен бірге процесс 
барлық қызыл жиекті толық қамтуы мүмкін. Зақымдалған 


аймақтар қоңыр-қызыл түсті, тамырлардың тұрақты кеңеюі және 
айқын инфильтрат байқалады. Олардың беті тығыз отырған сұр-
ақшыл қабыршақтармен жабылған, күш салып алғанда қанталау 
және ауырсыну байқалады. Ошақтың ортасында еріндердің қызыл 
жиегінің және терінің атрофиясы байқалады. Ошақтың шеті 
бойында, ақ түсті біркелкі емес айқын жолақ түрінде байқалатын 
эпителияның бұлдырлануы байқалады.
Қызыл жегінің айқын клиникалық атрофиясыз түрі еріндердің 
қызыл жиегінде, типтік түріндегісінен жеңіл сыдырылып 
алынатын, бетінде гипер- және паракератикалық қабыршақтар 
болатын диффузды тоқыраған гиперемияның пайда болуымен
сипатталады. Қызыл жегінің бұл түрінде гиперкератоз, типті 
түріне қарағанда, әлсізеу білінеді. Кейде шамалы инфильтрация 
және телеангиэктазиялар байқалады.
Қызыл жегінің э
розивті-ойық жаралы түрі 
еріндердің қызыл 
жиегінде айқын қабыну белгілерімен білінеді: айқын қызыл түсті, 
ісінген, 
эрозиялармен 
және 
сызаттармен, 
қанды-іріңді 
қабыршақпен жабылған ошақтар пайда болады. Ошақтың шетінің 
бойында қабыршақ және атрофия түрінде гиперкератоз 
анықталады. Науқастарды, тамақтану кезінде күшее түсетін,
қатты күю, ауырсыну және қышу сезімі мазалайды. Жазылғаннан 
кейін ошақтар орнында атрофиялық қыртыстар қалады.
Қызыл жегінің Капоши-Ирганг терең түрінде еріндерде сирек 
кездеседі. Түйін тәріздес құрылым түріндегі зақымдалу аймағы 
қызыл жиектің деңгейінен шығып тұрады, оның бетінде эритема 
және гиперкератоз байқалады.
Еріндердің қызыл жегісі көбірек екіншілік гландулярлы 
хейлитпен асқынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет