Топикалық глюкокортикоидтарға альтернатива ретінде 1%
пимекролимус кремі ұсынылады.
Дискоидты қызыл жегінің онша үлкен емес ошақтарын
делагилдің 5% ертіндісімен аптасына 1-2 рет (бір процедураға 2
мл-ден артық емес) айналдырып егеді. Өте айқын білінетін
гиперкератикалық қосарланулар байқалғанда, криотерапия немесе
аргонды лазер қолданылады. Науқас күнді, суық, желді күндері
ашық ауаға шығудан бас тартуы керек; ашық ауаға шықпастан 30
минут бұрын терісінің ашық аймақтарына жоғары дәрежелі
фотоқорғаныштық әсері бар (SPF 40-тан кем емес) кремдер жағуы
қажет. Тиімді, ұзын жеңді, мойнына орамал жауып, дөңгелек
қыры бар қалпақ, сияқты киімдер кигені жөн. Науқастарға,
құрамында тертрациклин, сульфаниламидтер, диуретиктер,
стероидты емес қабынуға қарсы әсерлі дәрілер, бета-
адреноблокаторлар,
кородарон,
гидрализин,
изониазид,
эстрогендер және контрацептивті және басқа дәрілер бар
жақапамайлар күн сәулесінің әсерін артыратын жеткізу керек.
Қызыл жегімен ауыратын науқастар диспансерлік бақылауда
болуы керек, мезгілімен қан және зәр анализін тапсырып тұруы
тиіс. Терапевт пен ревматолог кеңесі ұсынылады. Көктемде және
жазда өршуге қарсы ем қолданған ықтимал: плаквенил (делагил)
күніне бір таблеткадан; альфа-токоферол күніне 1 капсуладан (50
мг) немесе бета-каротин күніне 1 капсуладан (10 мг).
Достарыңызбен бөлісу: