Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет20/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

үлпек тәрізді
, қысқа (қас, кірпік, мұрт, сақал, гениталий 
аймағы шаштар) және 
ұзын
(бастың шашты бөлігі) деп бөлінеді. 
Шаш жай өседі. Күнделікті шаш шамамен 0,3-0,5 мм-ге ұзарады. 
Көктем, жаз айларында шаш тезірек өседі. Балаларда шаш 
жуашығы мен шаш емізікшелері едәуір беткей – тері асты шел 
май қабатында емес, негізінен дермада орналасқан. Балалардың 
шашы гидрофильді, майысқақ және құрамында көп мөлшерде 
жұмсақ кератин болады. Шаштың биохимиялық және 
физиологиялық 
қасиеттеріне 
байланысты 
балалар 
дерматофитиясы жиі кездеседі. 


Тырнақ
туындылары эмбриональды дамудың 3-ші айында 
басталады. Алдымен тырнақ астаушасы түзіліп, сол аймақтың 
эпителийі 
қалыңдап, 
дәнекер 
тініне 
ауысады. 
Тырнақ 
астаушасының эпителиальды бөлігі – матрицадан тығыз, шағын 
түзіліс – тырнақ түбірі түзіледі. Тырнақ пластинкасының әрмен 
қарай дамуы пластинканың өзі, сондай-ақ тырнақ астаушасында 
жүретін 
кератинизация 
үрдісіне 
байланысты. 
Тырнақ 
пластинкасы сыртында жылтыр қабықшасы бар (
lamina externa

тығыз жабысқан мүйізді пластинкадан құралған. Тырнақ 
астаушасы екі бүйірінен және негізінде тері қатпарлары – тырнақ 
көпшікшелерімен шектелген. Тырнақтың артқы көпшікшесі
тырнақтың проксимальды бөлігін доға тәрізді жауып, 
эпидермистің жұқа мүйізді пластинкасы – тырнақүстілік теріні 
(eponichium
) түзеді. Ақ бөлік түрінде артқы көпшікшеден шығып 
тұратын тырнақ түбірінің кішкене бөлігі тырнақ айшығы деп 
аталады. Тырнақ эпидермисінің құрылымында түйіршікті және 
мүйізді қабығы жоқ матрикс жасушалары есебінен өседі. 
Эктодермальды жапырақшадан шаш пен тырнақтан өзге тер 
мен май бездерін түзетін эпидермис те дамиды. Тер бездерінің 
туындылары ұрықтың құрсақішілік дамуының 2-ші айында 
байқалады. Бала туылу кезінде тер бездері жақсы дамығанымен 
функционалды белсенді болмайды. Алғашқы 2 жыл көлемінде тер 
бөлу қызметі ақырындап күшейеді. Тер бөлудің балалықтан 
ересектер түріне ауысуы жасөспірім шақта орын алады. Тер 
бөлудің балалық түрінде, әсіресе өмірінің 1-ші жылы
байқалмайтын тер бөлу 
(perspiration insensibilis)
басымырақ 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет