Экзема – экзогенді және эндогенді факторлармен
шақырылатын, созылмалы ағымға және өршу кезеңдеріне
бейім, қайталамалы аллергиялық тері қабыну ауруы.
Негізінен дерманың емізікше қабатының серозды қабынуы,
эпидермистің тікенекше қабатының ошақты спангиозы және
қышыну элементтерінің, олардың ішінен бірінші орынға
күлдіреуіктер шығатын, полиморфизмдігі байқалады. Гректің
«экзео», (қайнау) деген сөзінен шыққан «Экзема» терминін
бірнеше ғасырлар бойы жедел дамитын дерматоз деп атаған. Тек
1798 жылы R. Willan экземаны тері ауруының везикулёзды
бөртпе
тобына
біріктірген.
Осы
анықтамаға
әртүрлі
назологиялық формадағы, соның ішінде герпес, қышыма, тілме
және т.б сәйкес келеді. 1813 жылы оқушысы N. Batemаn
дерматозға келесі анықтама берді: «Экзема – жұқпалы емес,
қызбасыз, терінің әртүрлі бөліктерінде ұсақ везикулярлы жақын
орналасатын бөртпелерімен көрініс беретін ауру. Экземаның
себебі сыртқы және ішкі факторлар, ал тұқым қуалауға бейім
субъектілерде – әртүрлі агенттер. 1819 жылы L.-Th. Biett ағымына
байланысты жедел және созылмалы экзема түрлеріне бөледі, ал
P.Rayer
(1823)
экземаның
топографиялық
клиникалық
нұсқаларын, сонымен қатар шынайы экземамен, басқа табиғатты
экзематозды бөртпелердің маңызды айырмашылығын өмірге
әкелді. Мысалы, күндік экзамамен немесе сынаппен, кейбір
өсімдіктердің шырынымен және басқалармен қатынастан пайда
болған экзаматозды бөртпелердің айырмашылығы. Ол сонымен
қатар аяқ-қолдар, бастың шашты бөліктерінің («себореялық
экзема»)
және
ең
бастысы
осы клиникалық
әртүрлі
дерматоздардың жалпы клиникалық белгілерін сипаттады.
Экземаның жіктелісі клиникасына және патогенетикасына
негізделген. Сонымен бөлінеді:
- пруригинозды және дисгидротикалық формалар жататын
Достарыңызбен бөлісу: