қант диабетінің, тиреотоксикоздың, ер және әйел адамдардың
дисгармониялық бұзылыстарының, ішек-қарын жолдарының
(ахилия, созылмалы колит, ішек дисбиозы) бауыр (гепатиттер
және
олардың
салдары
–
цирроз)
патологияларының,
гельминтоздардың, бүйрек ауруларының, простатиттің, жатыр
фибромиомасының,
атеросклероздың,
қан
ауруларының,
кезкелген жерде орналасқан қатерлі ісіктердің болуы маңызды
болып келеді.
Физикалық факторларды да есепке алу керек:
• жоғарыға көтерілгенде байқалатын (6-10 мың метрден жоғары,
барометриялық қысымның төмендуіне байланысты);
• мауысымдық қышу:
- салқындық, жылылық;
- терінің үлкен аймақтары сәулелендірілгенде байқалатын күндік
(жарықтық) қышу. Бұнда терінінің күн көзінің қысқа толқынды
да (ультракүлгін), ұзынтолқынды да сәулелеріне сезімталдығы
жоғарлайды.
Терінің қышуының пайда болуында нервтік-психикалық және
вегетативтік бұзылыстар (теріс эмоциялар, күрделі саналық
жұмыс және т.б.) маңызды орын алады. Жақында терінің
паразитарлық ауруларымен ауырған немесе сондай науқастарды
көрген адамдарда психогенді қышу – мнимодермия, акарофобия –
болуы мүмкін.
Қышу кейбір тамақтарды қабылдағанда байқалуы мүмкін:
циртусар, шоколадтар, кофе және т.б., егде адамдарда
(қарттардың қышуы).
Достарыңызбен бөлісу: