Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет203/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

106-сурет. Дюринг
герпетиформды дерматиті.


зақымдалу 
ошағынан 
алынған 
тері 
биоптатына 
иммунофлюоресцентті зерттеу жасаған кезде иммуноглобулиннің 
(IgA) түйіршікті тұнбалар анықталады. 
Ісініп-қызарған теріде орналасатын диаметрі 1 ден 3 см дейін 
болатын керілген мөлдір көпіршіктер түріндегі үлкен көпіршікті 
дерматоз бен қауырт қызарған теріде диаметрі 1-2 мм ден 1 см 
дейін болатын көпіршікшелер мен папуло-везикулезді элементтер 
түріндегі ұсақ көпіршікті дерматозды ажыратады. Бірінші 
жағдайда дерматоздың жиі орналасатын жері – дене беті, аяқ-
қолдардың
жазғыш беті, екінші жағдайда – негізінен бет терісі, 
аяқ-қол, шап және қолтық асты қатпары. Герпетиформды 
дерматозбен ауыратын науқастардың йодқа сезімталдығын 
диагностикалық мақсатта қолданады. Құрамында 50% калий 
йодиді бар жақпамайды жаққан кезде 24-48 сағаттан соң сол 
жерге бөртпелер шығады (Ядассон бойынша сынама). Дегенмен, 
йодты калиймен сынаманы процесстің өршу сатысында немесе 
асқыну кезінде жасауға болмайды. 
Балаларда 
Дюринг 
дерматитінің 
анық 
клиникалық 
симптоматикасына қарамастан, жиі оларда эозинофилия мен 
йодқа сезімталдықтың болмауы дерматологтарға бұл белгілердің 
міндетті емес, тек шатты деп топшылауына түрткі болды. Балалар 
сирек жағдайда ауырады, бірақ процесс өмірінің алғашқы күні 
дамуы мүмкін. Көптеген балада Дюринг ауруы инфекциялық 
аурулардан соң дамиды. Везикулезді-буллезді элементтері бар ірі 
эритематозды-ісікті ошақтар басым келеді, науқастарды қышыну 
мазалайды. Балаларда везикула, көпіршіктер мен пустулаларға тез 
айналатын жайылған диссеминирленген уртикарлы, дақты-
папулезді бөрпелер жиі кездескенімен, оларда бөртпелердің 
топтасуы аз болады. Бөртпелердің жиі жыныс мүшелер 
аймағында, үлкен қатпарларда орналасуы мен екіншілік 
пиококкты инфекцияның қосылуын ескерген жөн. Балаларда 
ересектерге 
қарағанда 
ауыз 
қуысы 
везикулезді-буллезді 
элементтермен жиі зақымдалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет