Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет205/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Болжамы.
Көп науқаста болжамы қолайлы. Балаларда 
рецидивке 
қарамастан, 
жасөспірімдік 
кезеңде 
жазылуға 
бейімділік болады. 
Алдын алу.
Рецидивтердің алдын алу үшін тамақ рационынан 
бидай, арпа, құмықтан жасалған тағамдарды, құрамында йод бар 
тағамдарды (теңіз орамжапырағы, теңіз балығы және т.б.) шектеу 
қажет. 
Науқастарға 
құрамында 
йод 
бар 
емдік 
және 
диагностикалық препараттарды шектеу қажет. 
2.6.7.
 
Б
УЛЛЕЗДІ ПЕМФИГОИД
 
Егде адамдарда және балаларда жиі кездесетін қатерлі емес 
созылмалы дерматоз.
Этиологиясы мен патогенезі.
 
Этиологиясы белгісіз. 
Патогенезі: жасушалық мембраналарының төменгі бөлімінде 
және базальды эпидермоциттердің жартылай десмосомында
орналасатын 
буллезді 
пемфигоидтың 
антигендеріне 
аутоантиденелер түзіледі (ВР 230 және ВР 180). 
Клиникалық 
көрінісі.
 
Сау 
теріде 
немесе 
сәл 
гиперемияланған негізде үлкен мөлшерлі, жиі мөлдір, кейде 
геморрагиялық сұйықтық болатын, күлдіреуіктер пайда болады. 
Күлдіреуіктің қатты қақпағы, керілген, соның салдарынан ұзақ 
уақыт жарылмайды. Жарылған күлдіреуіктер тез жазылады.
Күлдіреуіктер дененің иілістерінде және қыртыстарында, кейде 


ауыз қуысының кілегей қабатында орналасады. Аздап ісінген 
және гиперемияланған негізде диаметрі 0,5-тен 1 см-ге дейін, 
қақпағы керілген, серозды (сиректеу геморрагиялық) сұйықтығы 
бар күлдіреуік пайда болады. Күлдіреуіктер бірнеше сағат, күндер 
сақталады, одан әрі фиброзды жабындымен жабылған, 
эпителизацияға бейім эрозия пайда болады.
Диагностикасы:
Никольский белгісі – теріс мәнді. Асбо-
Хансен белгісі сирек оң мәнді; эрозияның шетіне қарай өсуі 
байқалмайды. Акантоликалық Тцанк жасушасы болмайды, бірақ 
күлдіреуіктің құрамында көп және мөлшерде (80-90%-ға дейін) 
эозинофилдер болуы мүмкін. Тіке иммунофлюоресценция 
реакциясы LgA және комплементтің С3-фракцияның эпидермо-
дермальды аймақтағы қосылған жерде сызықтық тұнба құрайды.
Ажырату диагнозы 
вульгарлы көпіршікпен, токсидермияның 
буллезді түрімен және қызыл тегіс теміреткінің буллезді түрімен 
жүргізеді.
Емі. 
Кортикостероидтар 
пероральды 
– 
преднизолон 
тәуелдігіне 60-тан 100 мг-ге дейін, бөртпелер жойылып кеткенше, 
қолдау емісіз жүргізеді. Тиімділігі байқалмаса – метотрексат, 
азатиоприн және басқа иммунодепресанттар береді. Сыртқы ем 
вулгарлы көпіршектегідей болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет