Гиперхромиялар. Гиперхромияға секпілдер мен хлоазмалар
жатады. Секпілдер – дөңгелек немесе овальді пішінді ұсақ
пигментті дақтар, олар сары немесе қызғылт-сары түсті және жиі
беткей орналасады, бірақ жайылған түрінде де болуы мүмкін.
Олар генетикалық себепті болады. Хлоазмалар – дұрыс емес
пішінді пигментті дақтар, олардың түсі қою сарыдан қою қоңырға
дейін өзгеріп отырады. Гиперпигментацияланған тері өзгермеген
болып келеді, қабыну мен түлеу белгілері байқалмайды.
Гинекологиялық
ауруларда,
оральді
контрацептивтерді
қолданғанда, бауыр зақымдалуы мен қан қысымы көтерілгенде,
қажалғанда байқалатын жүкті әйелдер хлоазмасын ажыратады.
Дақтар жекелеген немесе көптеген, қосылуға бейім болуы мүмкін.
Олар бет терісінде, маңдай, ұрт, жоғарғы ерін, көз айналасында,
кейде
кеңсірікте
болады.
Иек
пен
қабақ
негізінен
пигментацияланбайды.
Диагностикасы. Секпілдер
мен
хлоазмаларды
гиперпигментацияланған дақтардың сыртқы түрі және өзіне тән
орналасуына сәйкес ажыратады.
Емі. Секпілде алдын алу шараларына жіті назар аударған жөн,
атап айтсақ ерте көктемде қорғаныс коэффициенті жоғары
фотоқорғаныштық
кремдерді
қолданады
(SPF=40-60).
Секпілдерді алып тастау үшін кератолитикалық, ағартушы
кремдер қолданылады.
Хлоазмалардың емі дақтардың пішіні мен оларға себепкер
болған себептерге байланысты. Көбіне емді басқа мамандық
иестерімен (терапевт, гинеколог, эндокринолог) бірігіп жүргізеді.
Аскорбин мен никотин қышқылдарын, рибофлавинді, аевит пен
фоль
қышқылымен
бірге
қолданған
дұрыс.
Егер
фотосенсибилизация жайлы ойлауға негіз болса, плаквенилді,
делагилді, никотин қышқылы мен пангамат кальцийін бірге
ішкізген дұрыс. Дене сыртына ағартушы және кератолитикалық
заттарды қолданады: сутегі тотығы, лимон шырыны, лимон
қышқылы (2-3%) араластырылған алма немесе кәдімгі сірке суы
(2-3%).
Секпілдерді
емдегендегідей
ағартушы
кремдер
қолданылады: руцинол, ахромин, чистотел, сүтті және т.б.