Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


алопеция  (alopecia areata)



Pdf көрінісі
бет228/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

алопеция 
(alopecia areata)
кездеседі – әр түрлі көлемдегі 
дөңгелек ошақ түрінде шаштың түсуі. 
Этиологиясы мен патогенезі
.
Алопецияның этиологиясы 
бүгінгі 
күнге 
дейін 
анықталмаған, 
ал 
аурудың 
өзі 
мультифакторлы ауруларға жатады. Ұя тәрізді алопеция 
патогенезінде генетикалық, жергілікті, нервтік-трофикалық 
ерекшеліктері, эндокринді және аутоиммунды бұзылыстар 
қатысады. 
Аутоиммунды 
генездің 
айғағы 
болып 
қан 
сарысуындағы артық мөлшердегі патологиялық иммундық 
комплекстердің болуы, белсенді фазасында шаш буылтығының 
айналасында 
лимфоидты 
клеткалардың 
жиналуы, 
шаш 
фолликулаларында иммунды комплекстердің шөгуі және олардың 
айналасында Т-хелперлы инфильтраттардың түзілуі болып 
табылады. Ошақты алопециямен ауыратын науқастарда қан 
құрамында айқын реологиялық өзгерістер анықталған. 
Клиникалық көрінісі.
Шаштың түсуі бірден басталады, жиі 
баста, сирек мойын аймағында, иекте, қабақ терісінде 
(кірпіктердің түсуі) байқалады. Шаш түсуінің бір немесе бірнеше 
ошақтарының пішіні дөңгелек, шектері айқын, перифериялық 
өсуге бейім және кейде бастың барлық аймағын алатын үлкен 
ошақтар (тотальды алопеция) пайда болады. Зақымдалған 
ошақтың терісі бастапқыда гиперемияланған, содан соң солғын
тегіс, атрофияланған, жылтыраған, сыртқы көрінісі піл сүйегін 
еске түсіреді 
(119-сурет)
. Аурудың өршу кезеңінде жеңіл алып 
тастауға болатын, қозғалып тұрған шаштардың шеткі аймағын 
айқын анықтауға болады.
Зақымдалған терінің аймақтарының жайылу деңгейіне 
байланысты дерматоздардың бірнеше клиникалық түрлерін 
ажыратады. Зақымдалған ошақтың шүйде және самай-төбе 
аймақтарының шетіне қарай орналасқан алопецияны таспатәрізді 
(офиаз) деп атайды, кей жағдайда шаш түсу жайылып (диффузды) 


барлық шет аймақтарын алып жатады. Бұл түрін тяжтәрізді
(коронатәрізді) деп атайды. Қатерлі ағымында процесс тез 
өршиді, ұя тәрізді алопецияның тотальды формасына айналады. 
Алопецияның қатерлі түрлерінде ауруларда бастың шашты 
бөлігінің зақымдалуымен қатар қастың, кірпіктің сиреуі, мұрт пен 
сақал аймақтарында, қасағада, қолтық астында түктердің түсуі 
және тері жамылғысының барлық аймағында шаштардың буда-
буда болып түсуі байқалады. 
Аурудың ағымы қайталуға бейім торпидті болып келеді. 
Шаштар орталықтан қарай, бөлек аралшықтар сияқты өседі. 
Қайтадан өскен шаштар бастапқыда жұқа, атрофияланған, түссіз 
және сосын біртіндеп қалыпты құрылымға келеді. Ауру 
лейкоцитозбен, эозинофилиямен, анемиямен, лимфоцитозбен, 
ЭТЖ-нің жоғарлауымен, гипергаммаглобулинемиямен және 
диспротеинемиямен білінеді. 
Төбе аймағында шаштың, дисменореямен, гирсутизммен және 
безеумен қосарланып, үдемелі (прогрессивті) сиреуі (андрогенді 
алопеция) байқалатын әйелдерді гиперандрогенияның себебін 
анықтау үшін тексерістен өткізу қажет. Олар аналық без 
поликистозы, туа болған бүйрекүсті безінің гиперплазиясы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет