төмендеу. Туа пайда болған мерезбен ауыратын әйелден
нәрестелердің мерезбен туылуы екінші, үшінші ұрпақтарында
кездесуі мүмкін, бірақ ол сирек байқалады.
Мерезбен ауыратын әйелде жүктілігі кеш түсікпен, алдын-ала
босанумен, аурудың кеш және ерте көріністерімен немесе
жасырын инфекциямен науқас баланың дүниеге келуі мүмкін.
Жүктіліктің ақыры мерездің әр түрлі даму сатысына байланысты,
себебі ұрықтың инфициялануы инфекцияның активтілігіне
байланысты болып келеді. Ұрықтың сперматозоид арқылы жұғуы
осы уақытқа дейін дәлелденбеген. Белсенді түрде науқас
әйелдерді анықтау, өз уақытында арнамалы ем жүргізу,
науқастарды тіркеу, мерездің белсенді формаларымен ауыратын
науқастармен қатынаста болғандарды тексеру туа пайда болған
мерездің санын азайтар еді. Жүкті әйелдерді мерзімінде тексеріп,
арнамалы ем жүргізудің маңызы зор. Осы мақсатпен міндетті
түрде жүктіліктің бірінші және екінші жартысында үш реттік
серологиялық тексеру жүргізеді.
Әйелдер кеңестік емханасында барлық мерезбен ауыратын
әйелдер және сауыққан әйелдер туралы мәліметтер болу керек.
Мерезбен ауыратын жүкті әйелге арнамалы ем жүргізгеннен соң
және аурудың жұқпалы көріністерін жойғаннан кейін, түсік
жасауға рұқсат беріледі. Егер мерезбен ауыратын әйел босанамын
деп шешсе, оны перзентхананың белгілі бір бөлімшесіне жолдап,
бұрын жасалмаған клиникалық және серологиялық тексерістерді
жүргізеді. Егер күмәнданған серологиялық реакциялар болған
жағдайда ретроплацентарлы қанды қайта тексереді. Бұл жағдайда
олар арнамалы оң болады. Алайда, босануға дейін және
босанғаннан соң 10–20 күнде серологиялық реакциялар жалған оң
болуы мүкін, сондықтан әйелдер консультациясында осы мерзім
аяқталғанша әйелді тексеру керектігін есте сақтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: