Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет306/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
Ж
АСЫРЫН МЕРЕЗ
 
 
Мерездің диагнозы қандай да бір клиникалық көрініссіз, 
серологиялық реакцияның оң нәтижесі негізінде қойылады. 
Статистика 
мәліметтері 
бойынша 
жасырың 
мерезбен 
ауыратындардың саны көбейіп келеді. Мысалы, жасырың 
мерездің 90% профилактикалық тексерулерде, әйелдер кеңестік 
емханаларында, соматикалық ауруханаларда анықтайды.
Сифилисті 
ерте жасырын мерез
(инфицирленуі 2 жылға 
дейін), 
жасырын кеш
(2 жылдан артық) және 
жасырын 
жіктелмеген
(айқындалмаған) деп бөледі. 
Ерте жасырын мерезге
біріншілік серопозитивті мерезден 
екіншілік рецидивтіге дейн қоса, тек белсенді емес клиникалық 
көріністер жатады. Алайда осы науқастрда кез-келген кезде 
мерездің белсенді жұқпалы түрі пайда болуы мүмкін. Мерезге 
байланысты мұндай науқастар эпидемиялық қауіп төндіретін 
топқа жатады. 
Мерездің бұл түрінің диагностикасына келесі берілгендер 
көмектеседі: 

Анамнезды 
мұқият 
жинап, 
гениталиялардағы, 
ауыз 
қуысындағы бұрын байқалған (1-2 жыл бойына) эрозивті-
жаралы бөртпелерге, терідегі әртүрлі бөртпелерге мән беріп, 
антибиотиктерді («баспалар», «тұмау» бойынша) қабылдауын, 
гонореядан (жұғу көзін зерттеусіз) емделуін, егер превентивті 
емделмесе, сұрастыру қажет. 

Осы 
науқастпен 
жыныстық 
қатынаста 
болғандарды 
тексергенде, оларда мерездің ерте формасының анықталуы. 

Біріншілік сифиломаның орнында тығыздалу немесе 
тыртықтың 
анықталуы, 
шап 
аймағында 
клиникалық 
регионарлы склероаденитке ұқсас лимфа түйіндерінің ұлғаюы. 

Барлық серологиялық реакциялардың оң нәтижесі. 

Пенициллинотерапияның бас кезінде қызбаның байқалуы. 

Емнің 
1-2 
курсында 
серологиялық 
реакциялардың 
негативациясы. 

Бір қатар науқастарда РИБТ теріс болуы мүмкін болғанмен, 
РИФ оң нәтижесі. 



Жиі науқастардың жасы 40 жасқа дейін болуы. 

Жасырын сифлитикалық менингитте мерезге қарсы ем 
нәтижесінде жұлын сұйықтығы тез санацияланады. 
Мерездің емінің сызбасы және нұсқауы болғандықтан, 
жасырың түрімен ауыратын барлық науқастар бірдей ем алады. 
Егер жынысты қарым-қатынаста болған адамды анықтап, 
инфекцияның қашаннан бері болғандығы анықталса, аурудың 
ақыры және болжамын болжауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет