процесс талақта да жүреді, яғни талақ ұлғайып, периспленит
дамып,
оның
беті
тегіс
емес,
кедір-бұдыр
шеттері
пальпацияланады.
Өкпеде
интерстициальды
диффузды
пневмония көріністері байқалып, ол нәрестенің туылғаннан кейін
өлуіне алып келеді. Мұндай балаларда ентікпе, еріннің және тері
жамылғысының цианозы болады. Жүрек-қан тамыр жүйесі
зақымдалғанда миокардит, эндокардит, перикардит, сонымен
қатар жүрек қақпақтары мен артериялар, веналар зақымдалады.
Нефрозды нефрит дамығында зәрде белок, цилиндрлер,
эпителийлер, эритроциттер анықталып, ісіну болады. Қанда
анемия, нейтрофильды лейкоцитоз болады. Патологиялық
процесске қалқанша маңы безі, ұйқы безі, жыныс бездері,
гипофиз, бүйрекүсті бездері де қатысады. Осы мүшелердің
дисфункциясынан кейін балалардың дамуындағы мүкістіктерге
байланысты, мүшелердің дистрофиялық өзгерістерінің негізінде
немесе патологоанатомиялық түрде кеш диагностикалайды.
Салыстырмалы түрде аталық бездері зақымдалып, олар тығыз,
көлемі ұлғайған, тегіс, кейде аталық бездің шемені болуы мүмкін.
Өте жиі шап, шынтақ, мойын және тағы басқа топ лимфа
түйіндерінің полисклероадениті болады.
Туа пайда болған мерезді екі кезеңге бөлуге болады:
туылғаннан 3-4 айға дейін, 3-4 айдан 1 жылға дейін.
Бірінші
кезеңде тері және кілегей қабықтағы диффузды инфильтрациялар,
көпіршіктер, сүйек жүйесінің зақымдалуы, ішкі мүшелердің
зақымдалуы, және жүйке жүйесінің зақымдалуы дамиды. Екінші
кезеңде мерездік өзгерістер азаяды. Тері мен кілегей қабықтарда
бөртпелер шектелген, сүйектерде периоститтер мен гуммозды
түзілістер, ішкі мүшелердің және жүйке жүйесінің зақымдалуы
сиректеу жүреді. Екінші кезең емшек жасындағы балаларда туа
пайда болған және ерте балалық шақтың мерезінің арасындағы
өтпелі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: