Гонококктардың кейбір штаммдары пенициллиназаны бөледі,
ол олардың пенициллин мен оның дериваттарына төзімді
болуына мүмкіндік береді. Көптеген елдерде дұрыс емес емдеген
кезде
пенициллиназаны
немесе
ß-лактамазаны
бөлетін
гонококктар көбейген.
Еркектерге гонококктардың жұғуы көбіне медициналық
көмекке жүгінуге мәжбүр ететін субъективті симптомдармен
көрінеді. Әйел адамдарда гонококкты инфекция жиі аз немесе
мүлдем белгісіз өтеді, сондықтан бұл кезде инфекция олардың
жыныстық партнерлерін тексергенде немесе асқынулар дамыған
кезде ғана анықталады. Мұнымен әйел адамдардың бұл ауру
кезінде медициналық көмекке аз жүгінетіндігін түсіндіруге
болатын шығар.
Бұл инфицирленудің жоғары қауіптілігі бар әйел адамдарды
гонореяға скринингтік тексеруден өткізу керектігін көрсетеді.
Негізгі жұғу жолы –
жыныстық
жол. Инкубациялық кезең 5-7
күн құрайды, 2 аптаға және одан да көпке созылуы мүмкін.
Жыныстық емес жұғу жолы (науқастпен бір төсек орынның, зәрге
отыратын түбектің, жеке бас гигиенасы заттардың болуы)
балаларда жиі кездеседі. Нәрестеге осы дертпен ауру анасының
туылу жолдарынан өткенде жұғуы мүмкін.
Гонококк зәр шығару түтіктерінің, тік ішектің, қынаптың,
ауыз қуысының, мұрынның, көмейдің, коньюнктивалардың
кілігей қабаттарын зақымдайды. Процесс парауретральды
бездерге, куперов бездеріне, ұрықтық көпіршіктерге, аналық
бездерге және оның қосымшаларына, ұрық шығару өзектеріне,
зәр қабы асты безіне, жатырға және оның қосымшаларына
таралуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: