арнайы
эритроциттермен,
бозғылт
трепонемдермен
сенсибилизацияланған
антидене
бар
қан
сарысуымен
әсерлескенде, олардың агглютинацияға ұшырауын қамтиды.
Эритроциттер бозғылт трепонемалардың патогендік және
културальдық штаммдарымен сенсибилизациялануы мүмкін.
ГАПР
сифилистің барлық сатыларында, әсіресе сифилистің кеш
түрлерінде сезімталдығы өте ерекше, маңызды диагностикалық
тест болып келеді.
IgM-серология.
Сифилиспен
ауыратын
науқастардың
организмінде антидене түзілуін
зерттегенде алғашқы болып
жұқтырғаннан кейін 2 аптадан соң анықталатын, қандағы
концентрациясының деңгейінің ең жоғары көрсеткіштеріне 6-9-
апталықта жететін арнайы IgM түзілетіні көрсетілген. Ем
аяқталғаннан кейін 6 айдан соң олар анықталмайды.
Инфекцияланғаннан кейін 4 аптадан соң организм арнайы IgG
түзіле
бастайды.
Иммуноглобулиндердің
бұл
түрлері
жұқтырғаннан кейін 1-2 жылда ең көп мөлшері анықталады.
Арнайы IgM түзілуі организмнен
антигендер жойылғанда
тоқтайды, ал IgG-дің түзілуі жады жасушалар клондарында
жалғаса береді. Сонымен қатар, IgM-нің ірі молекулалары
плацента
арқылы өте алмайтындықтан, оның баланың қанында
анықталған жағдайда балалардың бозғылт трепонемамен
инфекцияланғаны туралы сөз болады. Арнайы IgM қандағы
концентрациясы уақыт өте заңды түрде
төмендейді, сондықтан
бұл антиденелердің тирінің артуы аурудың қайталануының
немесе реинфекцияның қосымша белгілері ретінде қолданылады.
1977 жылы г. была 19S IgM-ТА-абс. ұсынылды, содан соң 19
IgM-ТРНА пайда болады. Бұл тестілер негізінде 19S IgM және 7S
IgG сынақталатын қан сарысуын гель-фильтрация көмегімен бөлу
және иммунофлюоресценциялық әдіс және тест гемагглюцинация
көмегімен оларды (19S IgM және 7S IgG) анықтау жатады. 1980
жылы В. Шмидт ИФА мен РПГА элементтерін біріктіретін, IgM-
SРНА қатты фазалы тасымалдаушыдағы гемадсорбцияны
суреттеді, ал 1983 г. Е. Линдешмидт IgM-ТР-АБS-Elisa ұсынды.
А. Люгер (1981) ОНЖ спецификалық
процесстің активтілігін
анықтауда 19S IgM-SРНА жолымен IgM анықтаудың маңызды
екенін анықтады.
Достарыңызбен бөлісу: