үшін емшектен бас тартады. Мұрын арқылы тыныс алуы
қиындаған, тынысы шулы, ысқырықты болып, баланың
арықтауына алып келеді. Ұзақ уақытқа созылған тұмаурату
мұрынның
сүйекті-шеміршекті
бөлігінің
деструктивті
өзгерістеріне және оның деформациясына алып келеді.
Көмейдің
кілегей қабығының
арнамалы зақымдалуы
диффузды инфильтрация және даусының қарлығуымен, сирек
жаралы ларингитпен сипатталады. Процесс шеміршекке өтсе,
кейін стеноздың дамуымен шеміршектің бұзылуы, перихондрит
дамиды. Маңдай аймағында диффузды инфильтрация болып, тері
осы аймақта керілген, құрғақ, жылтыр, мыс реңді тұнба-
эритематозды түсті болып келеді. Процесстің қабақ үсті
доғаларына таралуы қабақтың сиректенуімен сипатталады.
Бастың шашы сиректеніп, түседі.
Бөксенің, санның артқы бетінің, балтырдың, ұманың, жыныс
еріндерінің зақымдалуы сиректеу кездеседі. Қол және аяқ
саусақтарының
диффузды
зақымдалуы
тырнақ
деформацияларымен сипатталады. Дененің терісіндегі розеолезді
бөртпе сиректеу болып, кейде қабыршақтанып, қосылып, балалар
мен ересектердегі жүре пайда болған мерезге ұқсамайтын
розеолезді бөртпеге тән емес болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: