Мерездің ерте және кеш формаларында жұлынның
патологиялық өзгерістерін анықтауға болады: лимфоцит санының
көбеюі, глобулин, яғни белок деңгейінің көбеюі. Жұлынды
зерттегенде Ноне–Апельт, Панди, Вейхбродт реакцияларын
қолданып, паралитикалық тип бойынша коллоидты алтынмен
Ланге реакциясының қисығын есепке алады.
Аурудың бастапқы клиникалық симптомдарына науқастың
мінез-құлқының өзгерісі, қоршалған адамдармен қарым-
қатынасы, есінің, жазуының, санаудың бұзылысы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: