Төмпешікті сифилид ауыздың
кілегей
қабығында
гуммоздыға қарағанда, сиректеу байқалады. Төмпешіктер
гуммалар сияқты, кез-келген жерде, жиі еріннің кілегей
қабығында, альвеолярлы өсінділерде, таңдайда орналасады.
Кілегей қабықта шектелген төмпешіктер немесе кең фестон
көрінісі бар инфильтраттар пайда болуы мүмкін. Кілегей қабық
пен еріндегі төмпешікті сифилид тығыз, қоңыр-қызыл түсті, оның
пайда болуы мен тыртықтың болуына бірнеше ай өтеді. Таңдай
пердесінде
төмпешіктер
шектелген
элементтер
ретінде
орналасып, жаралар мен фокусты тыртықтардың түзілуімен
ыдырап, кейін жұмсақ таңдайды деформациялайды. Субъективті
түрде күшейтілген саливацияны, ыссы және ащы тағамды
қабылдағанда ауырсыну сезімі пайда болады. Төмпешіктер жоқ
болғаннан кейін, орнында типтік тыртық пайда болады. Тыртықта
қайталамалы төмпешіктердің шығуы болмайды.
Түйінді глоссит тілде терең орналасады: тығыз эластикалық
консистенциялы ауырсынбайтын түйін пайда болады. Ол
гуммозды, тығыз инфильтратпен қоршалаған, жараның пайда
болуымен
ыдырайды.
Жара
тыртықтанғанда
тілді
деформациялайтын тыртық пайда болады.
Таралған интерстициальды глосситте тілдің гуммозды
инфильтрациясы беткей орналасқанда, оның арқасында және
қапталдарында орналасады. Инфильтрат ыдырағаннан кейін тіл
өлетті жабындымен жабылады.
Терең интерстициальды глоссит дәнекер тіннің кілігей асты
қабатындағы және тілідң бұлшықет қабатының ішіндегі тамырлар
айналасында гуммозды инфильтрация пайда болу салдарынан
дамиды. Тіл мөлшері ұлғайып, ауызға симай кетеді. Инфильтрат
тыртықтық дәнекер тінмен ауысқаннан кейін бұлшыеттік
талшықтар атрофияланады да, тіл кішірейеді, деформацияланып,
функциясын бұзады.