Ультрадыбысты терапия.
Ультрадыбыс механикалық,
термиялық және физико-химиялық әсер етеді. Тікелей (теріге,
бұлшықетке, буынға) және жанама (жұлын түбіршектері,
симпатикалық бағанға, бөлек нервтерге және т.б.) әсер ететін
түрлері
болады.
Дерматологияда
тікелей
жергілікті
дыбыстандыру гидраденит, жергілікті тері қышынуында,
шектелген нейродермите, шектелген склеродермияда, псориаздық
артропатияда, трофикалық жараларда жүргізіледі. Сегментарлы
жанама дыбыстандыру созылмалы қайталамалы есекжемде,
әмбебап тері қышуында, диффузды нейродермитте, жайылмалы
склеродермияда қолданылады. Ультрадыбыс көмегімен дәрілік
заттарды (А витамині, гидрокортизонды эмульсия, т.б.) енгізу
фонофорез деген атқа ие, ол алақан-табандық псориазда,
нейродермиттің шектелген түрлерінде және жергілікті экземаның
жедел емес сатысында сәтті қолданыс алуда.
Фотохимиотерапия (ПУВА-терапия).
Атауы “псораленнің”
бірінші әрпінен және ұзынтолқынды ультракүлгін сәулені
білдіретін УВА-дан құралған. Ем барысында ұзынтолқынды
ультракүлгін А-сәулесімен (толқын ұзындығы 315-400 нм)
сәулелендіруден 2 сағат бұрын науқасқа пувален, метоксален,
ламадин, т.б. сияқты фотосенсибилизаторларды пайдаланады.
Сәулелендіруді аптасына 4 рет жүргізеді, дозасын жәймендеп
көтеріп
отырады.
Сондай-ақ
фотосенсибилизаторларды
қолдануды қажет етпейтін селективті фототерапияны (СФТ)
(жиілігі 280-315 нм B-сәуле) да қолданады.
Басқа да физиотерапиялық әдістерден сүйел, тері ісігінің
электро-
және
диатермокоагуляциясын,
криотерапия,
электрофорез, фонофорез, магнитті өріс, криодеструкцияны атап
өтуге болады. Массаж түріндегі криотерапия қабынуға қарсы әсер
етеді.
Дерматоздары бар науқастрады емдеуде шипажайлық
факторларда маңызыд орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: