эритемасы бар және ісінген жерге) терінің бетіне жағады. Оларды
бастың шашты бөлігіне жағуға болмайды.
Қоймалжыңдарды зақымдалған аймағы құрғап қалған жедел,
жеделдеу және асқынған тері қабынуларында (дерматит, экзема,
т.б.) қолданады. Қоймалжыңдардың артықшылығы олардың
бетіне таңғыш салудың қажетсздігінде.
Паста
индифференттік ұнтақтар (мырыш тотығы, тальк,
крахмал, т.б.) мен майлы негіздің (ланолин, вазелин, т.б.) ара
қатынасы тепе-тең қоспасы.
Пасталар, қоймалжыңдарға қарағанда, тереңірек әсер етеді,
бірақ, жақпамайларға қарағанда, белсенділігі азырақ болады.
Олар
қабынуға
қарсы
және
құрғататын
әсерге
ие.
Консистенциясы қою болғандықтан, үстіне таңғыш салмаса да
болады. Бастың шашты бөлігіне қолдануға болмайды. Пастаны
теріге күніне 1-2 рет жағып, 3 күнде 1 рет өсімдік майына
батырылған мақтамен сүртіп тастайды.
Ұнтақтың мөлшерін азайта отырып, жұмсақ паста дайындауға
болады. Көрсеткіштер бойынша пастаға нафталин, ихтиол, күкірт
препараттары, қара май, т.б. қосуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: