Компресстердің
қыздыратын әсері бар және қабынуға қарсы,
зақымдалған аймақты сыртқы әсерлерден қорғау, тері
инфильтратының сіңірілуі үшін тағайындалады. Компресс үшін
негізінен спирт пен қорғасынды суды пайдаланады.
Майлар
таза күйінде (өріктік, күнбағыс, оливка майы)
зақымдалған тері бетін екіншілік патологиялық қабықтардан,
қолданған дәрілік заттан тазарту үшін қолданады.
Жақпамай
бір немесе бірнеше дәрілік зат пен май негізінің
(вазелин, ланолин, шошқа майы, нафталин, т.б.) ара қатынасы
тепе-тең
қоспасы.
Теріні
тітіркендірмеу
үшін,
дене
температурасының
ықпалынан
өзгермейтіндей
химиялық
бейтарап жұмсақ, эластикалық консистенциялы болуы керек.
Көбіне жақпамайлық негізді синтетикалық заттардан
дайындайды: этиленоксид полимері, целлюлоза туындылары,
сорбинат эстерлері және май қышқылдары, т.б. Осындай негіздегі
жақпамайлар теріге жақсы сіңіп, оңай құрамындағы дәрілік затты
сіңгізіп, тотықпай, терімен жақсы көтеріледі.
Жақпамайлар терең әсер ететіндіктен, созылмалы және
жеделдеу
ауруларда,
терінің
қабыну
инфильтратында
(кератопластикалық
жақпамайлар)
қолданылады.
Кератопластикалық заттарға нафталин, қара май, ихтиол жатады.
Салицил және сүт қышқылдар мүйізді қабаттың түлеуін
туғызады. Кератопластикалық заттар туралы толығырақ мәліметті
“Дерматомикоз емі” бөлімінен қараңыз.
2-10%-қ күкірт жақпамайы, 2-3%-қ қара майлық, 1-3%-қ ақ
сынаптық, 2%-қ салицил, 2-5%-қ ихтиол, 2-3%-қ нафталан
жақпамайы, т.б. қолданады. Құрамында антибиотиктері бар
жақпамайлар (2,5-5% эритромицин, тетрациклин, линкомицин
және т.б.) да қолданылады. Көпіршікті, белдеме теміреткіні
емдеуде
интерферондық,
оксолиндік,
ацикловир,
т.б.
жақпамайларын қолданады.
Жақпамайларды тері құрғағанда, оның серпімділігі төмендеп,
аздаған қабыну белгілері пайда бола бастағанда жағады. Кремнң
құрамына кіретін ланолин теріні жұмсақ әрі серпімді етеді. Ал,
крем құрамындағы су теріні салқындатып, қабынуға қарсы әсер
етеді. Жақпамайларды тері жақсы көтереді, алайда балалар үшін
терісін тітіркендіруі мүмкін вазелинді кастор не күнбағыс майына
ауыстыруға болады. Унны жақпамайы, сондай-ақ парфюмерлік
өндірістен
шығарылатын
“Детский”,
“Спермацетовый”,
“Восторг”, т.б. кеңінен қолданылады. Унна жақпамайында
вазелиннің орнына өсімдік майы (олива, күнбағыс, өріктік, кастор
майы) қосылған:
Lanolini
,
Ol. Helyanthi
,
Aq. Destill
.
Āā
.
Емдік
тәжірибеде құрамында кортикостероиды бар және қабынуға
қарсы, гипосенсибилизациялық әсерге ие майлар, жақпамайлар,
аэрозольдер кеңінен қолданысқа ие. Дереу қабыну, сулануларда
мақсатты түрде аэрозольдерді пайдаланған дұрыс.
Көптеген стероидты майлар мен жақпамайлар шығарылуда:
бетновейт, дермовейт, фторокорт, элоком, кутивейт, латикорт,
триакорт,
локакортен,
целестодерм,
синафлан.
Жаңа
галогенделмеген синтетикалық кортикостероидтар өндірілген:
адвантан, апулейн, локоид, дерматоп, элоком. Бактериальды
инфекциямен асқынған дерматоздардың емінде тридерм,
белогент, дипрогент, целестодерм В, синалар Н, флуцинар N,
полькортолон ТС, кортимицетин жағады; қабынуға қарсы,
микробқа қарсы, саңырауқұлаққа қарсы әсерге ие препараттарға
тридерм, синалар К, сикортен плюс, лотридерм, травокорт,
сангвиритрин жатады.
Соңғы жылдары липосомальді эмульсия негізінде жасалған
құрамы емдік шөптер экстрактынан және цитокиндер сияқты
биологиялық белсенді заттардан тұратын майлар мен гельдер
қолданылып жүр. Тұтқырлағыш ретінде глицирризин мен кератин
қосылады. Липосомалар биологиялық мембрананың құрамына
кіретін табиғи лецитиннен тұрады және тірі мембрананың моделі
болып
саналады.
Бұл
жасанды
мембраналар
клетка
мембранасымен ұтымды әсерлеседі (жабысу, липидті қабықтан
өту, т.б.). Олардың құрамында гидрофильді, гидрофобты,
амфифильді заттар болуы мүмкін және өте кең спектрде дәрілерді
көтере алады.
Лак
– теріге тез қатып, жұқа қабықша құрайтын сұйық зат.
Көбінесе лактар құрамына түрлі дәрілік заттар
(Ac. Salicylicum,
resorcinum
,
gryseofulvinum
және т.б.) енгізілетін коллодиядан
тұрады. Әдетте, лакты шектелген аймаққа (мысалы, тырнақ
пластинкасына) және тінге терең әсер ету мақсатында
пайдаланады.
Оникомихоз емінде лоцерил, батрафен лактары кеңінен
қолданылады.
Барлық сыртқа қолданылатын дәрілік заттарды тигізетін
әсеріне қарай бірнеше топқа бөледі. Қабынуға қарсы, қышынуға
қарсы, дезинфицирлеуші, қыздырушы, кератолиздік және
кератопласттық, фунгицидтік және т.б. түрлері болады. Мұндай
жіктеліс ыңғайлы, бірақ тек шартты түрде, себебі бір дәрілік
заттың өзі қолданылу түріне, мөлшеріне қарай бірнеше әсер беруі
мүмкін. Мысалы, резорцин кератопластикалық (аз мөлшерде),
кератолитикалық (көбірек мөлшерде) және қыздыратын (одан да
көп
мөлшерде)
әсер
береді.
Ал,
қара
май,
әдетте
кератопластикалық зат, паразитке қарсы, тіпті қышуға да қарсы
әсері бар. Салицил қышқылының 3%-ға дейінгі концентрациясы
әлсіз кератопластикалық, ал 3%-дан жоғары концентрациясы
кератолитикалық зат ретінде әсер етеді.
Қабынуға қарсы дәрілік заттарды ерітінділер, опалар,
қоймалжыңдар, паста, сондай-ақ кортикостероидты майлар мен
жақпамайлар үшін қолданады.
Кератопластикалық немесе редуцирлеуші дәрілік заттар аз
мөлшерде қабынуға қарсы әсер де береді. Оларға терінің жедел
емес созылмалы қабыну процестерінде көбіне май мен паста
түрінде қолданылатын ихтиол, күкірт препараттары, қара май,
нафталандық мұнай мен нафталан, АСД (3-фракция) және т.б.
жатады.
Кератолитикалық препараттарға терінің мүйізденген қабатын
түсіруге көмектесетін әр-түрлі қышқылдар (әсіресе, жиі салицил
қышқылы, сонымен қатар, сүт, бензой қышқылдары) мен 3-15%
концентрациялы сілтілер жатады.
Қышуға қарсы дәрілерді 2 топқа бөлуге болады. Бірінші топқа
тек қана қышуға қарсы әсер ететін дәрілік заттар (май, ерітінді,
жақпамай түрінде) кіреді: ментол, анестезин, уксус, тимол,
хлоралгидрат ерітінділері және басқалары. Екінші топқа қабынуға
қарсы немесе кератопластикалық әсер ете отырып, қышуды
басатын препараттар кіреді: қара май мен күкірт препараттары,
салицил
қышқылы,
май
не
жақпамай
түріндегі
кортикостероидтар.
Дезинфекциялық (антисептикалық) және антипаразитарлы
препараттарға жеке-жеке әсер беретін не екі әсерді қатар беретін
дәрілік заттардың үлкен тобы кіреді. Мұндай препараттарға йод,
спирт, бор қышқылы, салицил қышқылы, резорцин, тимол, бензой
қышқылы, К сабыны, күкірт, қара май, препараттары,
антибиотиктер,
сульфаниламидтер,
дерматол,
ксероформ,
бензилбензоат (бензой қышқылының бензилдік эфирі), спрегаль,
т.б. кіреді.
Күйдіргіш және бұзғыш әсерлі дәрілік заттарға салицил
қышқылы, резорцин (көп мөлшерде), күміс нитраты, сүт
қышқылы, подофиллин, пирогаллол ерітіндісі, уксусты және үш
хлоруксусты қышқылдар, және т.б. жатады.
Саңырауқұлақты ауруы бар науқастарға фунгицидті дәрілік
заттар тағайындалады: йод (2-5% спирт ерітіндісі), анилиндік
бояғыштар, ундецилендік қышқылдар, сондай-ақ май түріндегі
қарамай мен күкірт.
Хинин,
салол,
танин,
парааминобензой
қышқылы
фотоқорғаныш әсерге ие.
Достарыңызбен бөлісу: |