тығыздықпен және басқа арнайы белгілермен, серологиялық
реакциялармен ажыратылады. Терінің папулонекротикалық
туберкулезі ерте жастағы балаларда және жасөспірімдерде
кездеседі. Оның бөртпелері оншалықты көп емес, тығыздау зонд
және «алма дірілдегі (желесі)» феномені болмайды.
И
НДУРАТИВТІ
(
ТЫҒЫЗДАЛҒАН
)
Б
АЗЕН ЭРИТЕМАСЫ
.
Тері туберкулезінің ең кең тараған түрлерінің бірі. Әдетте,
16-40 жас әйелдер, жиірек өкпе, лимфа түйіндері туберкулезімен,
скрофулодермамен,
папулонекротикалық
туберкулезбен
ауыратын науқастарда кездеседі. Аурудың байқалуына қан
айналым бұзылысы немесе акроцианоз, тамырдың варикозды
кеңеюі, аяқтың жиі салқындауы, ұзақ уақыт аяқпен тұрып жұмыс
жасау себеп болады. Күз және қыс айларында рецидив беруі
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: