Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет97/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Профилактикасы.
Лепрамен ауыратын науқас анықталса 
жедел хабарлама толтырылады, дәрігер жергілікті санитар 
қызметкерлерін жібереді, науқастарды тексереді, және науқаспен 
байланыста болған барлық адамдарға алғашқы тексеру жүргізеді, 
отбасы мүшелері жылына 1 рет тексеріледі. Жаңа туылған бала 
лепрамен ауыратын анасынан оқшауландырылады және жасанды 
тамақтандырылады, ал мектеп жасындағы балалар жалпы білім 
беру орталығынан босатылады. Жылына 2 рет клиникалық- 
лабораториялық тексеріс жүргізіледі. Лепраның эпидемиялық 
ошағындағы тұрғындарға көлемді тексеріс жүргізіледі. Науқаспен 
байланыста болған адамдарға Лепроминді сынама жүргізіледі. 
Лепроминді сынамаға реакциясы теріс адамдарға мұқият 
тексеріс жүргізіледі және белсенді иммунопрофилактика 
жолымен қайталап БЦЖ вакциянасы жасалады. Лепрамен 
ауыратын адамдар деңгейі жоғары жерде тұрғындарға 
иммунопрофилактика үшін БЦЖ вакцинациясы жүргізіледі. 
Науқастың отбасы мүшелеріне, егер науқаста алапестің 
белсенді түрі анықталған болса, лепроминді сынама нәтижесінің 
көрсеткіші бойынша превентивті ем көрсетілген. Алапеспен 
ауыратын науқастарға балалар мекемесінде және тағам 
өндірісінде жұмыс жасауға тиым салынады. Халықаралық келісім 
бойынша алапеспен ауыратын науқастар бір елден екінші елге 
жүруіне тиым салынған. Алапеспен қатынаста жұмысына 
байланысты болғандар қатаң санитарлық-гигиеналық ережелерді 
сақтау (қолды сабынмен жуу, микрожаралардың міндетті 
санациясы) арқылы жеке профилактикалық шара жасай алады. 


2.1.3.
 
Т
ЕРІНІҢ ПАРАЗИТТІК АУРУЛАРЫ
 
Кейбір дерматоздар адам терісіне енетін жәндіктермен 
(кенелер, биттер, бүргелер) шақырылады.
 
2. 1.3.1. Қотыр 
Қотыр 
Sarcoptes scabiei (Sarcoptes hominis)
кенелерімен 
шақырылатын жұқпалы паразитарлы дерт. 
Әсіресе жиі жеке гигиеналық ережелерін сақтамайтын, тығыз 
(тар) жағдайларда тұратын адамдар ауырады. Жұғу ауру адаммен 
қатынаста болғанда (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет