37-сурет. Жыныс мүшесінің терісіндегі
қотыр жолдары
38-сурет. Қотырмен ауыратын
науқастағы Горчаков-Арди белгісі
анықталады. Науқастарды тексергенде, және бұл жағдайларда
бірен – сараң, жұп орналасқан папуло-везикулездар, түйіндер,
ұсақ көпіршіктер, уртиктәрізді элементтер анықталады.
Балаларда қотыр әртүрлі өтеді. Балаларға жиі ойыншықтар,
қотырмен ауыратын науқастар қолданған құралдар арқылы
жұғады. Емшек еметін балаларда қотырлық қақпаларды типтік
жерлерде емес, ал алақандарында, табандарында, аяқ басы
жиектерінде анықтауға болады
(39-сурет)
. Қотырмен ауыратын
балалардың іш терісінде диссеминирленген түйінді бөртпелер
түзіледі. Мектепке дейінгі балалардың қотырлық кенемен тырнақ
пластинкаларының зақымдалуы туралы мәліметттер бар.
Ерекше түрі ауыр жүйелі аурулармен (онкологиялық аурулар,
жүйелі қызыл жегі және т.б.) ауыратын науқастарда және ұзақ
цитостатиктер, глюкокортикоидтармен емделген адамдарда
байқалатын норвегиялық қотыр болып табылады. Қотырдың бұл
түрінде қышу болмауы немесе айқын емес болуы мүмкін, ал
қабыну өзгерістерінде қотырлық кенелердің көп жинақталатын
лас-сұр түсті қабаттанған қабықтармен жабылған, үлкен
эритематозды
беткейлердің
пайда
болуы
ықтимал.
Эритродермиялық типімен дене, аяқ-қол, бет, бастың шашты
бөлігі зақымдалады.
Норвегиялық қотырда зақымдалған ошақтар терісі құрғақ,
қалың, қою-жасыл түсті қабықтармен жабылған, жер жерде тұтас
панцирьге қосылған, қозғалысы шектелген және ауырсынады.
Тырнақтар бірден қалыңдайды. Зақымдалған аймақта шаштар
құрғақ және көмескі (күңгірт) келеді. Лимфа түйіндерінің ұлғаюы
байқалады. Науқастан жағымсыз иіс шығады. Қабықтарды
жойғанда гиперемияланған тері ашылады, онда көптеген ақ
дақтарды – қотыр кенелерін көруге болады.
Бөртпелердің полиморфизмі кенелердің жолынан тыс
байқалады: 1-3 мм мөлшердегі папулалар, везикулалар,
эрозиялар, қасудан қалған орындар, қанды қабыршақтар.
Құрамында кене бар папулалар фолликулярлық орналасу,
тұлғаның алдыңғы-қаптал бетінде, аяқтарда, санда, құйрықтарда
орналасу тән
(40-сурет).
|