Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет96/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

 
Л
ЕПРАНЫҢ ТУБЕРКУЛЕЗДІ ТҮРІ
 
Лепраның туберкулоидты түрінің ағымы жағымды. Негізгі 
зақымданатын мүшелер тері жамылғысы және шеткі нервтер. 
Теріде кенеттен витилиго тәрізді дақтар немесе ашық 
депигментациялар анықталады. Олардың жиегі тұнық қызыл 
түсті, шеттері тегіс тығыз күлгін түсті папулалар. Осы 
папулалардың полигональды түрі қызыл жолақты теміреткіні еске 
түсіреді. Папулалар бір-біріне қосылған кезде қызғылт-күлгін 
немесе қызғылт түсті тегіс табақшаларды құрайды. Кейбір 
жерлерде сақина тәрізді болады. Осы шетке қара өсуге бейім 
келеді. Олардың ортасында депигментация мен атрофия біртіндеп 
дамиды. Қабыршақтарды қоршап тұрған “жиек” бірнеше мм-ден 
2-3 см-ге дейін жетеді. Осы бордюрдың шеттері көтеріліп, ортасы 
төмен түсіп тұрады. Қабыршақтардың мөлшері 2-3 см-ден артық 


болады. Ол кеуде арқа мен белдің көп бөлігін алып жатады. Осы 
элементтер дененің әрбір бөлігінде ассиметриялы орналасады. 
Туберкулоидты лепраның басқа клиникалық түріне саркоидты
төмпешіктер жатады, оның диаметрі 0,5-1 см және олардың 
шекарасы анық, беті жұмсақ қызғылт түсті, бірігуге бейім келеді.
Ол регрессияланғанда теріде гипопигментация немесе атрофия 
пайда болады. 
Туберкулоидты лепраның бастапқы кезеңінде ауырсыну
температура байқалады, одан кейінгі кезеңдерінде тактильді 
сезімталдығы бұзылады. Зақымданған шеткі нервтер қалыңдайды, 
сипалағанда таспиық тәріздес қалыңдаған жерлері бар тығыз 
түйін анықталады. Алайда туберкулоидты лепрада нервтің 
зақымдалуы лепроматозды нервит және полинервитке қарағанда 
әлдеқайда 
жеңіл 
өтеді. 
Лепраның 
осы 
түріне 
тері 
қосалқыларының зақымдануы (шаштың түсуі, зақымданған 
жерден тері шығуының бұзылуы) тән. Лепроминді сынама баяу 
оң реакция береді. 
Дерманың жоғарғы 1/3 бөлігінің папулаларын гистологиялық 
зерттегенде 
тамыр 
айналасындағы 
инфильтрат 
көптеп 
анықталады. Осы инфильтрат лимфоциттерден, аз көлемді 
гистоциттерден, эпителоидты клеткалардан, аз мөлшерде 
фибробласттардан 
тұрады. 
Лепроздық 
жасушалардың
бациллалары (алып) өте аз немесе болмайды. Ганзен таяқшасы 
лепромаға қарағанда инфильтратта өте аз немесе тіптен 
болмайды. Алайда өршу кезінде олар көп мөлшерде анықталуы 
мүмкін. Ішкі мүшелер мен ішкі секреция бездерінің зақымдануы 
аз кездеседі және қатерсіз болады.
Өршу (лепраның реактивті фазасы) лепраның барлық типінде 
анықталады. Басқа жіктелістік топтарға ауысуы байқалады. 
Өршудің негізгі белгісі – тез қызару, кернеу, терідегі 
бөртпелердің кейбіреулерінің немесе барлығының жылтырауы, 
аяқ-қолдарының және бетінің ісінуі. Жаңадан пайда болған 
бөртпелер лепроматозды лепраға “төмен құлдыраған” өршудің 
дәлелі.
Емі:
Негізгі емі лепраға қарсы дәрілерге сульфаноидты 
препараттар 
жатады: 
ДДС 
(диаминодифенилсульфон), 


авросульфон, сульфатин (сульфон-3), сульфетрон (солюсульфон), 
дапсон, лепросан және т.б. Оларға қоса тиокарбонилид, 
этионамид, 
рифампинин, 
клофазимин, 
В-633, 
лампрен, 
протионамид пайдалынылады.
Лепраға қарсы заттармен бір уақытта лепраға қарсы 
дәрілердің химиотерапиялық тиімділігін күшейтетін иммундық 
қалыптастырушылар қолданылады. Оларға тактивин, тимозин, 
тимолин, метилуроцинил, пентоксил, ливомизол (декарис), 
натрий нуклейнаты жатады. Иммунологиялық реактивтілікті 
жоғарлату мақсатында науқасқа БЦЖ вакцинасы егіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет