5-6 күннен сіркелерден, 3 аптадан кейін өздері ұрпақтарын
көбейтетін жас биттер пайда болады. Бастың шашты бөлігінен
басқа, биттер қаста, сақал және мұртта орналасуы мүмкін.
Биттердің тістеп алуы және олардың сілекей ферменттері қатты
қышу шақырады, тырнаған жерлерге
пиококктардың енуіне және
пиодермиялық
элементтердің
дамуына,
жиі
вульгарлы
импетигоға алып келеді. Қараусыз қалып асқынған жағдайында
науқастың басы қабыршақтармен жабылған, шаштарының қалың
будаларып (трихома, киізшаш) жабысуы, мойын лимфа
түйіндерінің ұлғаюы мүмкін. Диагноз сіркелер мен биттердің
анықталуымен расталады.
Көйлектік биттеу, дененің биттеуі
(Pediculus corporis, seu
vestimenti)
. Бұл
биттер бастағыға қарағанда ірі, төсек жабдықтар
қыртыстарында, көйлектерде орналасады, қанмен қоректенеді;
жұмыртқаларын төсек жабдықтар қыртыстары және тігістерінде,
ұзын және түбітті шаштарда қалдырады. Биттер тістегеннен кейін
қатты қышу болады және тізбекті экскорияцияға алып келеді, ол
пиодермиямен асқынуы мүмкін. Орналасуы – төсек жабдықпен
тығыз жанасатын тері аймақтары (мойын, жауырын, бел
аймақтары). Созылмалы ұзақ
жылдық педикулез терінің
құрғауына, қабыршақтануына, лас-сұр пигменттер түзілумен
бірге қалыңдауына алып келеді (қаңғыбас терісі –
cutis
vagantium)
.
Қасағалық биттеу, немесе «площица»
(Pediculus pubis)
қасағада, жыныс мүшелерінде, анус айналасында орналасады,
балаларды зақымдамайды, кейде площица терінің басқа да
шашпен жабылған аймақтарына таралады: сүт бездері, іш, бөксе,
қолтық асты қыртыстары, қас, кірпіктер. Субъективті қатты қышу
байқалады. Жиі қасағалық биттердің орналасқан жерінде
диаметрі 0,5–1 см
дөңгелек, геморрагиялық дақтар қалады,
саусақпен басқанда жойылмайды. Дақтардың түсі бозғылт көктен
бозғылт сұрға
(maculae coeruleae)
дейін өзгереді, бұл площицалар
сілекей ферменттерінің гемоглобинге әсері. Площицаларды
жұқтыру жиі жыныстық қатынаста немесе ортақ төсек жабдық
қолданғанда болады. Қасағалық биттер «клешни» тәрізді кескіні
бар, ерекше түзіліспен теріге тығыз жанасады.
Емі.
Бастың шашты бөлігінің биттеуінде шашты өсімдік майы
және керосин қоспасымен сулайды,
содан кейін компрессті
қағазды таңғышпен 12–15 сағатқа таңады. Екі процедурадан кейін
басын сабынмен ыстық сумен жуады, винилинді ысқылап
жағады, ал жұмыртқаларын асханалық сірке суымен суланған
кішкентай тарақпен алып тастайды. Сонымен қатар 10 және 20%
бензилбензоат суспензиясын (ересектерге – 20%, балаларға –
10%), шашқа жағып және теріге ысқылап жағады, препараттың
көзге, мұрын және ауызға түсүінен сақтану қажет.
Басын
таңғышпен таңып, 30 минуттан кейін препаратты ағынды сумен
жақсылап жуып, шашын сабынмен немесе шампуньмен жуады.
Ниттиформға суланған мақталы немесе марлі тампонымен
шаштарды және бас терісін сүртеді. Басын таңғышпен таңып
және 40 минуттан кейін шашын әдеттегі әдіспен жуады немесе
педилині бар шампунь қолданады.
Дененің педикулезін емдеу үшін науқас сабынмен жуынады,
жиі дезинфекциядан
өткен іш киімдерін, төсек жабдықтарын
ауыстырады.
Қасағалық педикулезді емдеу үшін пара-плюс, спрей-плюс
аэрозолін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: