Тікенекті қабат клеткаларының
цитоплазмасында
кератиносомалар немесе Одланд денешіктері бар, онда оларды
лизосомамен жақындастыратын мына ферменттердің белсенділігі
анықталған: қышқыл фосфатаза, нуклеозидфосфатаза, эстераза.
Тікенектіден кейінгі
түйіршікті қабат 1-3 қатар, ал табан мен
алақанда 3-4 қатар клеткадан тұрады. Тері беткейіне жақынырақ
орналасқан клеткалар ромб тәрізді, ал тереңірек жатқан клеткалар
цилиндр және шаршы тәрізді пішін алады. Кератиноциттер
ядросында ДНК-мен РНК-сы бар құрылымдар азайып,
цитоплазмасында кератогиалин дәндері түзіледі. Олар ядро,
митохондрий, рибосома және басқа да клетка органоидтарының
дезинтеграциясысы өнімдерінен түзілетін тонофибриллярлы-
кератогиалинді кешен. Түйіршікті қабат клеткаларының
құрамында
тонофибриллярлы-кератогиалинді
құрылым
болғандықтан оны кератогиалинді қабат деп те атайды. Бұның
бәрі эпидермиске беріктілік пен эластикалықты қамтамасыз етеді.
Базальды және тікенекті қабаттарды қоып эпидермистің
мальпигиялық немесе өсу қабаты деп те атайды.