тікенекті эпидермоциттер қабаты орналасқан. Клеткааралық ең берік байланысты
десмосомалар (
desmos – байланыс,
soma – дене) қамтамасыз етеді,
екі клетка бір-бірімен тығыз байланыспен қосылып, олардың
цитоплазмасына кіріп терең бойлайтын көлденең жатқан
талшықтардың
түйіндерімен
жабысқан.
Бұл
талшықтар
тонофиламенттер (гр.
tonos – керілу) деген атауға ие.
Тонофиламенттер түйінге жиналып (тонофибрилдер), десмосома
аймағында аяқталады. Барлық өскінділер клеткалардың арасына
клеткааралық сұйықтық айналысын жүзеге асыратын өзектер
жүргізе отырып, клеткалардың байланысын қамтамасыз етеді.
Десмосома мен тонофибрилдер клеткаларды механикалық
жарақаттардан қорғайтын ішкі тірек каркасын құрайды. Базальды
қабаттағыдай
тікенекті
қабатта
да
эпидермистің
кератиноциттерімен бірге қорғаныш иммундық қызмет атқаратын
ақ аралшықты эпидермоциттер бар.