Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Емі. Қарқындаушы  (прогрессирлеуші) сатысында 30% натрий тиосульфат ерітіндісін



Pdf көрінісі
бет197/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Емі.
Қарқындаушы 
(прогрессирлеуші) сатысында 30% натрий тиосульфат ерітіндісін 
 
 
 
67-сурет. Псориаздың 
экссудативті формасы


10 мл-ден тамырішілік, барлығы 10-15 құю, 25% магний сульфат 
ерітіндісін 5-10 мл бұлшықетке, 10-12 инъекциядан, 10% кальций 
глюконат ерітіндісін 5,0-10,0 мл бұлықетке, 10-12 инъекция, 
антигистаминді заттар (күніне 1 рет фексофенадин 180 мг немесе 
лоратадин 0,01 немесе эбастин 10 мг) тағайындайды. Айқын 
қышыну, невротикалық шағымдар және ұйқы бұзылысы болған 
жағдайда седативті әсері бар антигистаминді препараттарды 
қолдану ұсынылады: хлорпирамин 0,025 г, немесе клемастин 
0,001 г, немесе хифенадин 0,025 г күніне 2-3 рет. Ауыр жағдайда
(түнгі қышыну, ұйқысыздық) антигистаминдік препараттарды 
парентеральды енгізуге болады: 2% хлорпирамин ерітіндісі, 0,1% 
клемастин ерітіндісі 1-2 мл-ден түнде. 
Псориазбен 
ауыратын 
науқастардың 
метаболикалық 
функцияларына әсер ететін витаминдер. Ретинол + Е витамині 1 
капсуладан күніне 2 рет 3-4 апта бойы, пиридоксин 2 мл-ден 5% 
ерітіндісін бұшықетке күн сайын немесе күнара енгізу, барлығы 
15 инъекция немесе 2 мл 6% В
1
витаминінің ерітіндісі 
бұлшықетке күн сайын немесе күнара, барлығы 15 инъекция, 
немесе цианокобаламин 500 мкг бұлшықетке күнара, барлығы 15 
инъекция жасалады. 
Дәстүрлі ем кешенімен қоса псориаздың ауыр формаларын 
емдеу үшін уытсыздандыру гемосорбциясы ұзақ жылдар бойы 
қолданылып 
келеді. 
Псориаздық 
артриті, 
псориаздық 
эритродермиясы, пустулезді және экссудативті псориазы бар 
науқастарда бұл әдіс процесстің қатерсіз өтуіне септігін тигізеді. 
Эфферентті әсер принципі бойынша қолданылатын плазмоферез, 
айқын емдік әсер береді. 
Липид 
алмасуы, 
бауыр 
функциясының 
бұзылуында 
гепатопротекторлар (эссенциале, ЛИВ-52, легалон, дипромоний, 
фосфаден және т.б.) көрсетілген. Псориаздық артриті бар 
науқастарға стероидты емес қабынуға қарсы заттар қолданылады: 
ибупрофен, индометацин (метиндол), ортофен, напросин, 
мефенамов қышқылы. 
Микроциркуляцияның жақсаруына тамақтан кейін ксантинол 
никотинат 0,15 г 4-6 апта бойына немесе пентоксифиллин 0,2 г-
нан рет 4-6 апта бойына қолдану көмектеседі. 


Ауыр жағдайда цитостатиктер – метотрексат және 
циклоспорин А қолданылады. 
Метотрексат – фолий қышқылының антагонисі. Ол 
жасушалық митозды тежейді, сол себепте оны псориаздық
артритте қолдану жақсы әсер береді. Көптеген жағымсыз 
әсерлердің болуы (жүрек айнуы, құсу, ауыз қуысы кілегейінің 
жаралық зақымдалуы, тромбоцитопения, токсикалық гепатит, 
бүйректердің зақымдалуы) бұл әдістің кең етек жаюына кедергі 
келтіреді, бірақ басты жетіспеушілігіне жақсарғаннан кейін тез 
рецидивтердің болуы, басқа емге көнбеуі деп есептелінеді. 
Метотрексатты ішкізеді немесе бұшықетке (10-20 мг аптасына 1 
рет, барлығы 4-5 инъекция) тағайындайды. 
Циклоспорин 
А 
– 
Tolypoclodium 
infantum 
Gams
саңырауқұлағының өмір сүру өмірі болып табылатын – циклді 
полипептид, 
11 
аминқышқылды 
қалдықтан 
тұрады. 
Иммуносупрессант 
ретінде 
ол 
мүшелер 
мен 
тіндерді 
алмастыруда, сонымен қоса аллергиялық, гиперпролиферативті, 
буллезді және қатерлі дерматоздарда нәтижелі қолданылып 
келеді. 
Циклоспориннің емдік әсерін оның иммунды жүйеге (ИЛ-2 
түзілуін, Т-лимфоциттер мен олардың популяцияларының 
ингибирленуін тежеу) әсерімен байланыстырады. Циклоспоринді 
ауыр, жайылған, емнің басқа түрлеріне резистентті псориазда 
қолданылады. Препарат дозасы 4 мг/кг-нан аспауы қажет, ал ауыр 
жағдайда – 7 мг/кг-нан тағайындалады. 
Псориаз емінде тимус пептидтері негізінде жасалған 
иммуномодульдеуші препараттарды қолдану ұсынылған. Бұл 
белсенді 
факторлармен 
байытылған 
тимус 
сығындысы. 
Препараттардың екінші ұрпағы (тимопептин, тимоген) тимустың
тапбиғи (нативті) пептидтерінің құрылымын қайталайтын 
синтетикалық 
пептидтерге 
жатады. 
Табиғи 
емес 

аминқышқылдарынан тұратын, гамма-пептидті байланыспен 
қосылған тимодепрессин (D-тимоген изомері) иммуногенез 
ізашарларының пролиферация процессін тежейтін синтетикалық 
пептидті 
препараттардың 
жаңа 
классына 
жатады. 
Тимодепрессиннің 
тәжірибелік 
(экспериментальды) 
және 


клиникалық зерттеулері препараттың ФНО альфа-ның спонтанды 
түзілуін тежеп, Т-жасушалардың цитоплазмасында гамма-
интерферондардың жинақталуын 2 есе әлсіретеді. 
Соңғы кезде қабынуға қарсы цитокиндерді тікелей тежейтін 
биологиялық агенттер аталатын, препараттардың жаңа тобы 
шығарылды. Бірінші препарат (инфликсимаб) Ресейде қолдануға 
рұқсат етілген, адам мен тышқанның химерлі моноклонды 
антиденесі болып табылады, ол тышқанның арнайы антигені мен 
адамның IgG1k иммуноглобулинімен байланысымен алынған. 
Бұл 
моноклонды 
антиденелер 
қабынуға 
қарсы 
ФНОα 
цитокиндерінің цитотоксикалық әсерін басып, оның функциялық 
белсенділігін тежейді. 
Псориазды емдеуде тағы бір әсерлі әдіске фотохимиотерапия
(ФХТ), немесе ПУВА-терапия жатады, ол А спектрінің (320-400 
нм) ультракүлгін сәулесі мен фотосенсибилизатор қолдануға 
негізделген. 1974 жылы АҚШ пен Европада ұсынылған бұл әдіс, 
Ресейде 1978 жыл енгізіліп, 70-90% жағдайда клиникалық 
сауығуға әкелетіні көрсетілді. 
Фотосенсибилизатор 
ретінде 
псоралендер 
5-, 
8-
метоксипсорален) 
тобындағы 
фукомаринді 
тізбегіндегі 
препараттар қолданылады. 
ФХТ-ға арналған қондырғылар кабина немесе перде түрінде, 
олардың ішінде ұзын толқынды сәуле шығаратын, спектрі 350-
365 нм болатын арнайы люминесцентті шамдар орнатылған. 
Құрылғылардағы ультракүлгін сәуленің тығыздығы 8-13 мВт/см
2
-
қа тең. ПУВА аппараттарының әр түрлі модификациялары бар 
және онымен науқасты жатқызып, тұрғызып сәулелендіруге 
болады, сонымен қатар басын, балтырын, алақаның, табанын 
жекелей сәулелендіруге болады. 
ПУВА-терапия ауыр, жайылған псориазда қолданылады 
(экссудативті, жайылған қатпарлы, эритродермиялық, пустулезді, 
алақан-табандық), бірақ бірқатар жағымсыз әсерлерге тері қатерлі 
ісігінің дамуының жоғары қаупі, фототоксикалық реакциялар, 
фотоқартаю) ие. Қарсы көрсетпелер: науқастар ИБС-пен, 
гипертониялық аурумен, асқазан мен он екі елі ішектің жара 
ауруымен, қатерлі ісіктермен, бауыр мен бүйрек ауруларымен, 


катарактамен ауырмауы тиіс. Бұл емді балалар мен егде тартқан 
адамдарға жүргізбейді. 
Соңғы жылдары тері ауруларын емдеуде (псориаз, атопиялық 
дерматит және т.б.) 1 диапазонына жататын ұзын толқынды 
ультракүлгін УФА сәулелері қолданылады (толқын ұзындығы 
340-400 нм). ПУВА-терапиямен салыстырғанда бұл әдіс 
фотосенсибилизаторларды қолдануды қажет етпейді, ал сәулелер 
теріге тереңірек енеді. Бұл спектрде сәулелену аздаған ғана 
канцерогенді әсер мен жағымсыз реакция береді. 
Селективті фототерапия 280-320 нм спектрінде сәулелену 
беретін 
аппараттар 
көмегімен 
жүргізіледі. 
Фотосенсибилизаторларды тағайындау қажет емес. Бастың 
шашты бөлігін арнайы емдеуге негізделген, үй жағдайында 
қолданылатын аппараттар шығарылды. Селективті терапияны 
аурудың айқын емес кезінде, прогрессирлеуші стадиясында, 
ФХТ-ға қарсы көрсетпелер болғанда, балаларда қолданылады. 
Оның эффективтілігі ПУВА-терапиямен салыстырғанда төмен, 
бірақ көрсетпелері көп. 
А витаминінің синтетикалық ізашарлары (синтетикалық 
ретиноидтар) 
псориазда 
патологиялық 
қабыршақтанған 
эпидермиске, иммунды жүйеге әсер етеді, антинеопластикалық 
қасиеттерге ие. 
Псориаздың 
қарапайым 
түрлерінде 
ациретинмен 
монотерапияның басқа әдістердің қасында артықшылығы жоқ.
Тек пустулезді псориазда қолданғанда пустулезді элементтер тез 
жойылып, эпителизация болып, дене қызуы қалпына келеді және 
жалпы жағдайы жақсарады. 
Ретиноидтар мен ПУВА-терапияны сабақтастырған жағдайда 
(Ре-ПУВА-терапия) емнің нәтижелігі жоғарылайды. Бұл әдіс 
псориаздың ауыр түрлері мен аурудың алақан мен табанда 
орналасуында қолданылады. Ре-ПУВА-терапияда сәулелену 
сеанстарын азайту арқылы ультракүлгін сәулелердің суммарлы 
дозасын азайтуға болады. 
Ретиноидтарды қолдануға қарсы көрсетпелер – бауыр мен 
бүйрек ауруы, қанда липидтер мен триглицеридтердің жоғары 
болуы. Тератогенді әсеріне байланысты препаратты жас 


әйелдерге 
қолданбайды. 
Псориаз 
емінде 
D
3
витамині 
қолданылады. Қалыпты жағдайда ол фотохимиялық реакциялар 
нәтижесінде және жануар тектес стериндердің өзгеруі 
нәтижесінде пайда болады. D
3
витаминінің түзілуінде маңызды 
орынды тері алады. D витаминінің аналогі ретінде оксидевит 
алынады, бірақ оны ұзақ қолдану қажет. Жиі D витаминің
жақпамайдың құрамына қосады (дайвонекс, псоркутан). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет