Жалпақ
қызыл теміреткі
(lichen ruber planus)
тері мен көзге
көрінетін кілегей қабаттарындағы папулалардың мономорфты
бөртпелерімен көрінетін созылмалы ауру. Ол
өте жиі ауыз бен
ерін қызыл жиегі кілегейінде жиі кездеседі. Ауру барлық жастық
топтарда кездеседі, бірақ жиі 40-60 жас аралығындағы әйелдерде
кездеседі.
Этиологиясы мен патогенезі
.
Жалпақ қызыл теміртеткінің
дамуы негізінде токсико-аллергиялық
процесстер мен иммунды
жүйе реттелуінің бұзылысы жатыр, ол өз кезегінде арандатушы
эндо- және экзогенді факторлардың әсерінен (микробтар мен
вирустарды қосқанда) сәйкес емес тіндік реакцияны тудырады.
Аутосомды-доминантты тип бойынша
тұқым қуалайтын жалпақ
қызыл теміреткімен жанұялық аурулар тіркелген.
Қазіргі кезде осы аурудың пайда болуын түсіндіретін
жүйкелік, вирусты және токсико-аллергиялық теориялар бар. Бұл
аурудың күйзеліс, гипноз және рефлекторлы-сегментарлы
терапиядан кейін дамуы тіркелген, демек жүйке жүйесінің бұл
аурудың дамуында ролі бар.
Жалпақ қызыл теміреткінің ауыз
кілегейінде пайда болуы
асқазан-ішек жүйесінің, бауырдың, ұйқы безінің ауруына
байланысты (гастриттер, колиттер және т.б.). Кейбір науқастарда
аурудың тамырмен (гипертония) және эндокриндік (қант диабеті)
патологиямен байланысы анықталған. Ауру дамуында белгілі бір
орынды
ауыз кілегейінің, тістің сүйір ұштарымен, дұрыс емес
қойылған протездермен зақымдалуы алады.
Соңғы уақытта теріге химиялық
заттар мен кейбір дәрілік
заттардың әсерінен бұл аурудың дамуы жайлы ақпараттар көптеп
таратылды. Түсті кинопленканы өндейтін адамдарда лихеноидты
реакциялардың
болатыны
анықталды,
себебі
олар
парафенилендиаминмен жанасады, сонымен қатар тетрациклин
(тетрациклинді лихен), ПАСК, алтын препараттары және т.б.
қолданатындарда кездеседі. Демек,
ауру кейбір жағдайларда әр
түрлі дәрілік заттар мен химиялық тітіркендіргіштерге
аллергиялық реакция түрінде өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: