Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Қатынастық қарапайым және аллергиялық дерматиттердің  айырмашылығы 4 кестеде берілген



Pdf көрінісі
бет240/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

 
Қатынастық қарапайым және аллергиялық дерматиттердің 
айырмашылығы 4 кестеде берілген.

 
4
КЕСТЕ
.
 
Қ
АТЫНАСТЫҚ ДЕРМАТИТТЕРДІҢ 
(
ҚАРАПАЙЫМ ЖӘНЕ 
АЛЛЕРГИЯЛЫҚ
)
СИПАТТАМАСЫ
 
91-сурет. Белбеудің металл 
(
белдік тоғасы)
 пряжкісіне 
болған аллергиялық дерматит
 
90-сурет. Аллергиялық дерматит
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
92-сурет. Қатынастық аллергиялық 
стоматит


Белгілері 
Қатынастық дерматит 
қарапайым 
аллергиялық
Пайда болу 
себептері 
Аллергиялық қасиеті-
нің болуы міндетті 
емес, механикалық 
және физикалық фак-
торлардың (термия-
лық, актиникалық 
және басқалар) әсері 
Сенсибилизациялық 
әсері бар (аллергендер) 
заттар мен қатынаста 
болу 
Реакцияның 
күші 
Қоздырғыштың 
концентрациясынан, 
әсер ету ұзақтығына 
байланысты 
Сенсибизация 
дәрежесіне байланысты 
Біліну мерзімі Қоздырғыш әсер 
еткеннен кейін бірден 
немесе сәл кейін 
Қатынаста болғаннан 
кейін алғашқы 3 айда 
(6-14 күннен ерте емес) 
Орналасуы 
Тікелей қоздырғыш 
әсер еткен жерде. 
Шекарасы айқын 
білінеді 
Аллерген тиген жерде, 
одан соң алыс 
аймақтарда байқалады. 
Шекарасы айқын емес. 
Клиникалық 
көрінісі 
Диффузды зақымдала 
ды. Бөртпелер жиі 
мономорфты. Ісік пен 
сулану толық 
жайылған 
Зақымдалу ошақты, 
бөртпелер полиморфты, 
Ісік, сулану «серозды 
құдықтар» типтес, 
айқын емес.
Ағымы 
Жедел 
Жедел және жеделдеу, 
қайталануы мүмкін 
Болжамы 
Қоздырғышты 
жойғаннан кейін ізсіз 
жойылып кетеді 
Аллергенді жойғаннан 
кейін жоқ болып ктеді, 
қатынасқа түскенде 
қайталайды. Экземаға 
айналуы мүмкін. 
Ішкі патологи 
я лармен 
байланысы 
Жоқ 
Аллергиялық, ішкі 
мүшелер және нерв 
жүйесі аурулары 
Терілік 
Қойылмайды 
Оң мәнді. Клиникалық 


сынамалар 
жазылған кезде ұдайы 
жойылмайды. Монова- 
лентті сенсибилизация.
Терідегі пато 
физиологиялы
қ бұзылыстар 
Жоқ 
Тек ошақта ғана 
Емі 
Қоздырғыштарды 
жою. Сыртқа – қабы-
нуға қарсы дәрілер 
Гипосенисбилизацияла
ушылар. Сыртқа – 
белгілеріне сәйкес 
Алдын алу 
Жуғыш ұнтақтармен 
және басқа химиялық 
заттармен қатынасты 
жою.
Процессті шақыруда 
анықталған 
қоздырғышпен 
қатынасты жою 
 
Емі:
Ең бірінші аллергиялық дерматитті тудырушы себепті 
анықтап, оны жою. Бөртпелердің морфологиялық ерекшелігіне
байланысты сыртқы қабынуға қарсы терапиядан басқа, 
десенсибилизациялық ем қолданады, седативті, антигистаминді 
препараттар, стероидты гормондар, витаминдер тағайындалады. 
Аллергиялық дерматитпен ауыратын науқастардың емі экземамен 
ауыратын науқастардың емінің ұстанымдарына (тиісті бөлімді 
қара) сәйкес, алдын ала тітіркендіргіш және сенсибилизирлеуші 
факторлардың әсерлерін жоя отырып, құралады.
Пиогенді 
инфекциялар 
қосарланған 
жағдайда 
дезинфицирлеуші жақпамай және антибиотиктер қолданылады. 
Кеңес беру.
Аллергиялық қатынастық дерматитте науқастың 
көңілін ауруды шақырған аллергенмен болашақта қатынас 
жалғаса берсе экзема дамуы мүмкін екендігіне аудару керек.
Қатынастық дерматиттер – дәрігер-стоматологтың тәжірибесінде 
жиі кездесетін ауру. Оның дерматитті себебін анықтау және тиісті 
сыртқы және жалпы емді тағайындай алу мүмкіндігіне аурудың
болжамы тікелей байланысты.
2.5.3.
 
Т
ОКСИДЕРМИЯЛАР
 
Токсидермия немесе токсико-аллергиялық дерматит – тері 
жамылғыларының, 
кейде 
кілегей 
қабаттарының, 


тіркендіргіштердің тыныс жолдары, асқазан-ішек трактісі 
арқылы, дәрілік препараттарды көктамырға, бұлшық етке, 
тері астына, қынапқа енгізгенде дамитын жедел қабыну.
Көпшілік жағдайда дәрілік токсидермия кездеседі. Бұл терминді, 
бұл дерматоздар табиғат көпшілік жағдайда токсикалық емес
аллергиялық болып келетіндіктен, 1905 жылы Ядассон енгізген.
Этиологиясы. 
Токсидермияның себебі әртүрлі, бірақ жиі олар 
дәрілік препараттардың жағымсыз әсері ретінде дамиды. 
Тағамдық токсидермия сирек кездеседі, кейбір мәліметтер 
бойынша олардың түрінің 12%-ақ құрайды. Кейде токсидермия 
тағамдық өнімде қабылдағаннан кейін дамиды (мысалы, ет), 
шынында ол жануарларға берген антибиотикке реакция болып
табылады. Кейбір жағдайларда шынай этиологиялық фактор 
болып, сперма табылады, терілік сынамалардың оң нәтижесімен 
дәлелденген.
Басқаларынан жиірек аллергиялық реакциялардың себебі 
антибиотиктер болады, сосын пиразолон өнімдері (анальгин, 
амидоперин, 
бутадион), 
сульфаниламидтік 
препараттар, 
барбитураттар, сиректеу B
1
, B
6
, B
12
витаминдері, фолий қышқылы 
табылады. Сенсибилизацияның кезкелген дәрілік затқа, соның 
ішінде кортикостероидтар мен антигистаминді препараттарға да
дамуы мүмкін, сонымен қатар, препараттардың иммундық 
жауапты индуцирлеу қабілеті препарат құрамының молекулярлық 
массасының ұлғаюына байланысты. 
Патогенезі. 
Көпшілік жағдайда токсидермияның себебі болып 
келетін химиялық заттар, организм ақуызымен конъюгат пайда 
болғаннан кейін ғана аллергиялық реакция шақыруға қабілетті 
болатын, толық емес антигендер (гаптендер) деп аталады. 
Құрамында бензол сақинасы, хлор немесе фтор атомы, 
аминотоптар немесе бос радикалдары бар химиялық заттар 
нәруыздармен жеңіл байланысады. 
Сонымен қатар, дәрілік токсидермияның қалыптасуы үшін 3 
саты қажет:
- препараттардың нәруыздармен байланысқа түсе алатын түріне 
ауысуы 


- гаптеннің нәруызбен конъюгациясы нәтижесінде толық құнды 
антигеннің қалыптасуы. 
- организмнің, бөгде зат болып қалыптасқан бұл кешенге
иммундық реакциясы. 
Аллергиялық реакцияның әр түрлі клиникалық көрінісінің 
негізінде патогенетикалық механизмнің 4 негізгі типін ажыратуға 
болады.
Аллергиялық реакция болу мүмкін: 

Кенеттен, IgE арқылы, жедел (бірнеше секундтан кейін) 
есекжем, шок, бронхоспазм, тамырлық ісіну түрінде дамиды. 

Жеделдетілген IgE арқылы (2-48 сағат) есекжем түрінде 
дамиды. 

Баяуланған (қатынастық дерматит түрінде 14-21 күннен кейін) 

Сарысулық ауру түрінде (иммундық кешендер) (аллерген 
енгізілгеннен кейін 8-10 күннен соң) 
Фармакологиялық заттарға реакцияның пайда болу уақыты 1 
күнен 21 күнді құрайды, және осы препараттармен бұрынғы 
қатынастарынан тәуелді болып келеді (немесе қарама қарсы
аллергияда химиялық құрамы ұқсас препараттармен). Ерте 
реакция емді бастағаннан соң 1-3 тәуліктен кейін, ал кеш реакция 
жиі сенсибилизацияланбаған науқастарда 9-шы тәулікте дамиды. 
Пенициллинге реакция кейде оны енгізуді тоқтатқаннан кейін 2 
апта одан да көп уақыттан кейін дамиды. 
Дәрілік 
аллергияның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет