Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Токсикалық эпидермальды некролиз (Лайелл синдромы)



Pdf көрінісі
бет255/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Токсикалық эпидермальды некролиз (Лайелл синдромы) 
– 
патогенезінде аутоиммунды механизм маңызды орын алатын 
токсидермияның өте ауыр түрі. Жиі себептеріне сульфаниламидті 
препараттар, 
антибиотиктер 
(пенициллин, 
стрептомицин, 
тетрациклин, олеандомицин) және пирозолондар, амидопирин 
(бутадион, антипирин, анальгин) жатады. Гамма-глобулин және 
сіреспеге қарсы сарысуды инъекция түрінде қолданғанда және 
сапасыз тамақты пайдаланғанда эпидермальды некроздың дамуы 
жекеленген жағдайларда суреттелген. Бұл дерт дәрілік затты 
қолданғаннан кейін бірнеше сағаттан немесе күннен кейін 
кенеттен дамиды. Теріде эритематозды немесе уртикарды бөртпе 
пайда болып, содан олармен бірдей кезде үлкен көпіршіктер 
пайда болады да, оларды басқанда олардың аумағының диаметрі 
10-15см-ге дейін ұлғаяды. Булезді элементтер ауыз қуысының, 
мұрынның, конъюктиванын, жыныс мүшелерінің кілегей 
қабаттарында орналасып, Стивенсон-Джонсон синдромын еске 
түсіреді. Бұл бастапқы сатысында жағдайы қанағаттанарлық 
болып қала береді, бірақ жалпы әлсіздік, артралгия, диарея 
байқалады. 2-5 күндері клиникалық көріністерінің ауырлығы 
арытып, дене қызуы 38-39
о
С-қа дейін көтеріліп, есеңгіреп,
комалық жағдайға ауысуы мүмкін. Терісінде гиперемияланған 
немесе қара-қоныр түсті нүкте түрінен табақша түріне дейн 
өзгеретін 
және 
ауырсынатын 
бөртпе 
пайда 
болады. 
Эпидермальды некроздын негізгі белгісіне – эпидермистін 
жаппай массивті сыдырылуы жатады. Никольский белгісі оң 
мәнді. Терінің үлкен аумағында эпидермистін сыдырылуынан 


алғашында жиырылған қабыршақ қалыптасып, жеңіл ығысып 
кетеді де, артынан қансырап тұратын, ауырсынытын қанды эрозия 
қалады. Эпидермис терінің барлық бетінде бір уақытта 
сыдырылмайды, бөлектеніп түседі. Клиникалық көрінісінің 
ауырлығы арыта түссе, аурудың басталуынан 3-5 күн өткенде, 
сауығып кету жағдайлары суреттелген болса да, өлімге әкелуі 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет