Атигистаминді препараттар ішкізеді, 10% кальций глюконатын 10
мл-ден күнде бұлшықетке немесе 30% натрий тиосульфатымен
алмастырып көктамырға, жібереді. Көктамырға реополиглюкин
жіберу пайдалы деп есептеледі. Жалпы көріністерде (дене
қызуының
көтерілуі артралгиялар, тыныс алудың қиындауы)
кортикоидтарды ішкізеді немесе парентеральды жібереді. Дозасы
клиникалық көрінісінің ауырлық дәрежесіне байланысты, бірақ
преднизолонға есептегенде 30-35 мг/ тәулк. кем болмауы керек.
Анафилактикалық шоктың алғашқы белгілері байқалғанда
теріастына немесе бұлшықетке 0,3-0,5 мл 0,1%
адреналин
ертіндісі жіберіледі (адреналин бар шприц дайын болу керек).
Ауыр жағдайларда адреналин глюкозаның немесе натрий
хлоридінің изотониялық ертіндісінде жайлап көктамырға
жібереді. Эуфиллиннің 2,4% ертіндісі 5-10 мл мөлшерде (0,24-
0,48 г) 10-20 мл 20-40% глюкозада 4-6 минут немесе 500 мл 5%
глюкоза 2 сағат ішінде тамшылатып жіберіледі.
Аллергиялық реакция болу мүмкіндігіне күмән туғанда
дәрілерді
парентеральды, әсіресе көктамрыға, жіберуден қашық
болған жөн.
Токсикалық эпидермиолиздің (Лайелл синдромы) емі
реанимациялық бөлімі жағдайында су-түз және белок балансын
қолдауға бағышталған болуы керек. Тәулігіне көктамырға 2 л-ге
дейін сұйықтық жібереді: реополиглюкин, плазма,
альбумин,
натрий хлоридінің изотоникалық ертіндісі, 100-200 мл кальций
хлоридінің 1% ерітіндісі, анаболикалық стероидтар енгізіледі.
Глюкокортикоидтар дозасы преднизолонға есептегенде 1000 мг/
тәулігіне дейін жетеді, күнде тері астына 100-200 ХБ/кг есебінен
гепарин енгізіледі. Науқас жылытылатын шатырдың (каркастың)
астында
болуы керек, тәуелігіне 2-3 рет ішкі киімін және төсек-
орнынын стерильді киімге ауыстыру, кілегей қабаттарды
(фурациллин, калий перманганаты, мырыштық тамшылар) өңдеп,
эрозияларды анилинді бояулардың
сулы ертінділерімен майлау
қажет.
Болжамы
уақытында ауруханаға жатқызып, жағдайына ем
алуына байланысты.