Абайдың ішкі дүниетанымының сыры “Абай діні – ақылдың діні» Абайдың “жан сыры” туралы ойлары
Бұл
біздің мақсатымыз
Өлеңнің тарихы
Абайдың 1895 ж. жазған өлеңі.
Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан
тұрады
Көлемі 28-жол.
Үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманның өліміне байланысты шығарылған.
Қараңғылық шырмауына шатылған елдің надандығына сүйікті ұлынан айрылу қайғысы қосылып, «берген бе тәңірім саған өзге туыс» деп мұңданады, ақын көңілі құлазиды.
Мағынасыз «бос қуыстай» дүниеден орын таппай, «бір-ақ уыс» болып отырған ақын дінге иек артады.
Құлазыған көңіл күйін ғажап шыншылдық суретпен бейнелеп, шарасыз халін «халық», «махлүқ», «дәһрі», «ләмәкан» сияқты діни лексикамен бедерлейді.
Абайдың діні - ақылдың, сыншыл ойдың діні.
«Түп иесін көксемей бола ма екен?» дей тұрып, тәңіріні іздеу, дінге сенудің өзі мейлінше ақылды, саналы болуы керектігін айтады.
Бұл жолдардағы негізгі ой, яғни өзінің жаратылысы туралы білгісі келу, адам баласының санасы толыққан кезде өзіне-өзі қоятын ең үлкен, ең маңызды сұрағы деп білемін. Өзінің түп иесін іздеу, қайдан келдім, қайда барам деп толғану пенденің саналы адам деңгейіне көтерілгенін көрсетсе керек.
Ұлы Абай «Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ» деп өмір жолының қауіпті екенін, сондықтан өте сақ болу керек екенін түсіндіреді.
Оны ескермеуге, өзгертуге болмайды. Құлап кетпей сонда тура шығып, өмірдің түпкі мақсатына жетуге болады. Ол үшін көзіңе бағып, сақ болу керек, яғни болмыс заңдылығын дұрыс түсініп, оны дұрыс пайдалана білу керек.
Адам баласының өмір сүруі жөнінде қандай философиялық ой айтады?
Өлеңдегі “қасқыр” бейнесінен нені аңғардыңдар? Ақын нені тұспалдап тұр?
Ақын өлеңінде діни лексиканың жиі қолданылуында не себеп бар?
Рухани құлазу ұғымын қалай түсінесіңдер?
Ақын “Хақты танымас бұрын адам өзін, өзінің менін тануы керек”деген ой айтады. Бұл сөздің мәнісі неде?
ВИДЕО КӨРЕМІЗ
ТҮЙІН
“Лай суға май бітпес қой өткенге” деген өлеңінде Абай тәңірге деген ішкі нанымдарының сырын ашып,өзін құдайына бас иген көп мұсылманның бірі ретінде танытады. Бірақ ойшыл ақын осы таным шеңберінде тұрып қалмай, түп иенің өзін ақыл сынына салып барып нануға бағыт алады.
Абай түсінігінде
АЛЛА
Адам ақылының аясына сыймайтын ұлы ұғым
Оны түгел біліп болу мүмкін емес. Бірақ оның бар екеніне ешбір шүбә болмасқа тиіс
Адам оны тек ақылмен, өзінің түкіл түсінік- түйсігімен бір ғана жүрек арқылы сезініп білуі керек
1. https://kitaptar.azurewebsites.net/ 2. https://www.youtube.com/watch?v=jIAbphua7-M
«Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңінен үзінді жаттап,, видеоға түсіріп adia1960@mail.ru поштасына жібер.
30-32-беттер
“Абайдың діні-шартты ақылдың діні”
тақырыбына эссе жаз.
(150-200 сөз)
КЕРІ БАЙЛАНЫС
Абай өлеңдерін оқу барысында алған ақпараттарымызды тұжырымдап, өз жетістіктерімізге баға берейік