Дәрілік аллергияның
диагностикасы
әруақытта
қарапайым
емес,
сондықтан науқастан дұрыс жиналған анамнездің маңызы
өте маңызды болады. Сұрастыру кезінде науқастан бұрын
осындай ұқсас белгілер болған болмағанын, қандай кәсіби
факторлардың бұл реакцияның себебі болуы мүмкін екенін
анықтау
керек.
Науқастың
өзі
өзінің
ауруын
немен
байланыстырады? Көптеген науқастар бұрыннан қолданып келе
жатқан дәрілік заттарды (мұрынға немесе көзге тамызатын
тамшылар, контрацептивтер) дәрі деп есептемейді. Сонымен
қатар 1-2 апта бұрын қолданған дәрілерін емделген дәрі-
дәрмектер тізіміне енгізбейді. Қарама-қарсы аллергиялық
реакцияның мүмкіндігін де (кейбір диуретиктер (фуросемид,
тиазид)
сульфаниламидтермен,
пенициллин
–
бастапқы
препаратардан қапталдық тізбегімен ажыратылатын, жартылай
синтетикалық антибиотиктер) естен шығармау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |