Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет392/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

 
4.1.3.
 
М
ЕРЕЗДІҢ ЕКІНШІЛІК КЕЗЕҢІ
 
 
Мерездің екіншілік кезеңі ауру жұққаннан соң орташа 10 
аптадан кейін дамиды және екіншілік сифилидтердің пайда 
болуынан 7-10 күн бұрын продромальді көріністерден басталады. 
Жиі ол әйелдерде немесе әлсіреген науқастарда болады және 
уақыт бойынша бозғылт трепонемалардың қанмен таралу 
кезеңімен сәйкес келеді. Әлсіздік, еңбекке қабілеттіліктің 
төмендеуі, адинамия, бас ауыруы, бұлшықеттегі, сүйектегі, 


буындардағы ауырсыну (ауырсынудың түнде күшеюі мерезге 
тән), дене қызуының жоғарылауы болады (37,5-38
о
С,сирек 39-
40
о
С дейін). Жиі мұндай жағдайды тұмаумен шатастырады, бұл 
өз кезегінде мерез диагностикасын қиындатады. Бұл кезеңде 
қанда лейкоцитоз, анемия болады. Негізінен, мерездің екінші 
кезеңінің 
клиникалық 
белгілері 
пайда 
болғаннан 
соң, 
науқастардың бәрінде бірдей бола бермейтін продромальді 
көріністер жоғалады. 
Екіншілік мерезде көптүрлі морфологиялық элементтер тері 
мен көзге көрінетін кілегей қабаттарда орналасады; аз мөлшерде 
ішкі мүшелердегі, нерв жүйесіндегі, тірек-қимыл жүйесіндегі 
және т.б. өзгерістер болады. Ем жасалмаса ауру бірнеше жылдын 
ішінді қайталанады. Бөртпелердің аралығында оң серологиялық 
реакциялар негізінде екіншілік жасырын мерез диагнозы 
қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет