Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет395/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Ажырату 
диагностикасы
.
Мерездік 
розеолалардың 
диагностикасы, әсіресе жаңа екіншілік мерезде, еш қиындық 
келтірмейді. Дақты сифилидтің ажырату диагностикасын 
жасағанда, кейбір инфекциялық аурулардағы дақты бөртпелерді 
(қызылша, қызамық, іш сүзегі), токсикодермия, қызғылт 
теміреткі, кебек тәрізді теміреткі, қасаға биттері 
(Phirus pubis)
тістегеннен кейінгі дақтарды есте сақтаған жөн. Бірақ жедел 
инфекциялық аурулардағы бөртпелер дене қызуының жоғарлауы
және санасының бұзылысымен жүреді. Қызылшамен ауыратын 
науқастарда көп мөлшердегі, ірі, қосылуға бейім, айқын 
бөртпелер алғашында бетке, мойынға, денеге, аяқ-қолға шығады, 
онымен қоса білек пен өкшенің сыртқы бетіне шығады, бөртпелер 
кеткеннен соң қабыршақтану пайда болады. Ұрт, кейде ерін, 
қызыл иек кілегейіне нүктелі ақшыл Филатов-Коплик дақтары 
шығады. Қызамықпен ауыратын науқастарда бөртпе алғашында 
бетке, сосын мойынға шығып, денеге таралады. Бөртпелер 
бозғылт-қызғылт түсті, көлемі 2-3 мм, пішіні дөңгелек немесе 
сопақша, қосылуға бейім емес, жиі тері бетінен көтеріліп тұрады, 
2-3 күн шығып тұрады да із қалдырмай жоқ болып кетеді; дәл 
осындай бөртпелер бір уақытта аранның кілегей қабатына шығуы 
мүмкін; кейде қышыну сезімі болады. 
Іш және бөртпесүзегі әрқашан ауыр көріністермен қатар 
жүреді, сүзекте розеолалар аз мөлшерде болады, кейде 
петехиальді; бұл жағдайда біріншілік склероз, склераденит, 
полиаденит болмайды. 
Мерездік розеолалардың пайда болуының алдындағы 
продромальді кезеңде қызба сүзектегімен салыстырғанда онша 
жоғары емес және розеолезді бөртпелер пайда болғаннан соң 
бірден кетеді. 


Тағамдық немесе дәрілік заттарды қабылдағаннан болатын 
токсидермиядағы 
дақты 
бөртпелер 
жедел 
басталуымен, 
ағымымен, қанық бояуымен, қабыршақтанудың тез қосылуымен, 
шетке қарай өсу мен қосылуға бейімділігімен және күйдіру мен 
қышыну сезімімен қатар жүруімен ерекшеленеді. 
Жибердің қызғылт теміреткісі шыққан науқастардың 
мерездікпен айырмашылығы алғашқысында бірінші көлемі 1,5-3 
см болатын жіңішке пластинкалы сарғыш, мыжылған папирос 
қағазына ұқсас, қабыршағы бар қызғылт-қызыл дақ түріндегі 
сопақша пішінді аналық қатпарлар пайда болуы керек. 1-2 
аптадан соң осыған ұқсас, бірақ көлемі кішірек көптеген 
элементтер пайда болады, олар метаметр бойынша ұзын диаметр 
түрінде орналасады.
Кебек тәрізді (түрлі түсті) теміреткіде мерездік розеоламен 
салыстырғанда қабынулық емес қабыршақтар дамиды, олар түсі 
сүт құйған кофе тәріздң болатын, қосылуға бейім, жиі дененің 
жоғарғы бөлігінде орналасатын дақтар. Мұндай дақтарға йодты 
тұнбаны жаққанда, олар қоршаған теріге қарағанда қаралау түске 
енеді. 
Қасаға биттердің (Phirus pubis) шағуынан болатын дақтар 
мерездік розеоладан сұрғылт-күлгін бар; бұл дақтар үстінен 
басқан кезде жоғалмайды. 
Мерездік розеоланы жоғарыдағы аурулардан ажыратуда 
екіншілік мерездің басқа клиникалық көріністерінің болмауы мен 
науқастарды серологиялық зерттеу маңызды орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   391   392   393   394   395   396   397   398   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет