Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет396/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Папулезді сифилид
– екіншілік мерездің розеола тәрізді жиі 
байқалатын көріністерінің бірі. Розеола жиі екіншілік жаңа 
мерездің, ал папулезді сифилид – екіншілік қайталамалы мерездің 
көрінісі болып табылады. Ірі папулезді, лентикулярлы, ұсақ 
папулезді, милиарлы сифилидтерді ажыратады. 


 Лентикулярлы папулезді сифилид мерездік папулалардың ең 
жиі кездесетін түрі. Бұл сифилид тығызэластикалық
консистенциялы, дөңгеленген, шектелген, жартылай дөңгелек 
пішінді, диаметрі 0,3-0,5 см болатын элемент. Папулалар 
перифериялық өсу мен қосылуға бейім емес. Папулалар түсі 
алғашында қызғылт түсті, артынша мыс тәріздес – қызыл немесе 
көкшіл-қызылға (ветчина – шошқаның сүрлеген еті – тәрізді) 
айналады 
(143-сурет)

Папулалар беті алғашқы күндері тегіс, жылтыр, артынша 
қабыршақтана 
бастайды. 
Папулалардың 
қабыршақтануы 
ортасында басталып шеттеріне қарағанда ерте бітеді де, 
папулалардың Биеттің «жаға тәрізді» 
(144-сурет) 
қабыршақтануы 
түріндегі папулалардың шеткі қабыршақтануы болады. Түйіннің 
орталығына сүйір зондпен басқан кезде ауырсыну сезімі болады 
(Ядассон симптомы). Папулезді сифилидтер теріде бірден пайда 
болмайды, біртіндеп 10-14 күннің ішінде шығып болады, одан соң 
6-8 апта бойы тұрады, сол себепті бір ғана науқаста әр даму 
сатысындағы 
папулаларды 
көруге 
болады. 
Папулалар 
жарылғаннан соң олардың орнында ұзақ уақытқа пигментация 
қалады. 
Екіншілік жаңа мерезде папулалар дене мен аяқ-қолдарының 
терісінде, кейде бетте және бастың шашты бөлігінде болады 
(145-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет