Ажырату диагностикасы.
Шешек тәрізді сифилидті нағыз
шешек пен желшешектен айыра білу қажет. Аурудың дене
қызуының жоғары, жалпы жағдайының нашар болуы, пустула
негізінде
тығыз
инфильтраттың
болмауы,
бөртпелердің
алғашында бетте пайда болуы, теріс серологиялық реакциялар
шешек тәрізді сифилид диагнозынан бас тартуға мүмкіндік
береді.
Импетигинозды пустулезді сифилид
бет, қолдың бүккіш
бетінде, кеудесінде, арқасында диаметрі 1 см дейін болатын
(кейде одан да үлкен) тығыз консистенциялы қою қызыл түсті
папулалармен сипатталады. Бірнеше күннен кейін папулалардың
бетінде жұқа қабырғалы пустулалар қалыптасады, олар тез кеуіп,
қою қызыл түсті инфильтрацияланған тәжбен қоршалған,
сарғыш-қоңыр түсті, тері бетінен жоғары тұратын қабықтарды
түзеді. Қабықты алып тастағаннан кейін қою қызыл түсті, жеңіл
қансырайтын жара қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |