Пустулезді сифилид
– екіншілік мерездің сирек көрінісі және
аурудың көбіне ауыр, қатерлі ағымын көрсетеді. Пустулезді
сифилидтің пайда болуы қызба мен жағдайының бұзылысымен
жүреді. Ол көбіне әлсіз адамдарда, ауырып-жүдеген науқастарда,
алкоголизммен,
туберкулезбен,
нашақорлықпен,
гиповитаминоздармен және т.б. аурулармен ауыратындарда
дамиды.
Безеу тәрізді, шешек тәрізді, импетигиозды, эктиматозды
(мерездік эктима), рупиоидты (мерездік рупия) сияқты пустулезді
сифилидтерді ажыратады.
Безеу тәрізді, шешек тәрізді және импетигиозды сияқты
беткейлік пустулезді сифилидтер екіншілік жаңа мерезбен
ауыратын науқастарда, ал эктиматозды және рупиоидты сияқты
терең пустулезді сифилидтер – негізінен аурудың рецидивтерінде
дамиды. Пустулезді сифилидтер қарапайым мерездік папулалар
болып табылады, олардың инфильтраты серозды-полинуклеарлы
экссудаттың
әсерінен
ыдырайды
да,
оның
орнында
пиодермиялыққа ұқсас сарғыш-қоңыр түсті қабықша түзіледі.
Пустулезді сифилидтердің түрлері олардың орналасуы, көлемі
мен ыдырау дәрежесіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |