Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Ұрықтың туа пайда болған мерезін ерте туа пайда болған



Pdf көрінісі
бет436/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Ұрықтың туа пайда болған мерезін ерте туа пайда болған 
(4 жасқа дейін) және кеш туа пайда болған (4 жастан жоғары), 
барлық жастарда кездесетін жасырың туа пайда болған деп 
бөледі. 
Ұрықтың туа пайда болған мерезінде бала жолдасының 
арнамалы өзгерістері болады. Плацентаға енген бозғылт 


трепонемалар некроз, дәнекер тінінің гиперплазиясын, ісіну 
түріндегі әр түрлі ауыр түрдегі анатомо-морфологиялық 
өзгерістерді тудырады. Қан тамырларының эндо-, мезо-, 
периваскулит типті инфекциялық зақымдалуы ворсинкілердің 
айқын 
склерозын, 
эпителийдің 
дегенерациясын, 
қан 
тамырларының облитерациясымен қабырғаларының жасушалық 
инфильтрациясын тудырады. Мерезге плацента массасының 
үлкеюі тән. Қалыпты жағдайда бала жолдасының ұрықтың 
массасына қатынасы 1:6 тең, ал мерездік инфекцияда 1:3 тең. 
Грануляциялық тін және қан тамырларының ворсинкілерінде 
абсцесстердің әсіресе плацентаның ұрықтық бөлігінде шамадан 
тыс дамуы байқалады. Мерез диагнозы ұрықтың кіндік қанында 
бозғылт трепонемалардың анықталуы диагнозды негіздейді. 
Плацентада бозғылт трепонемалар сирек кездеседі. Бозғылт 
трепонемалардың едәуір мөлшері ұрықтың ішкі мүшелерінде – 
бауыр, талақ, бүйрек үсті бездерінде кездеседі. Мерезден 
емделмеген әйелдерде жиі түсіктердің болуымен және 6-7 айда 
ұрықтың өлі туылуымен дәлелденеді. 
Ұрықтың мерезі
.
Бозғылт трепонемалар плацентарлы 
қанайналымның дамуынан кейін енгендіктен, жүктіліктің бірінші 
айларында ұрыққа ешқандай зақым келмейді. Типтік арнамалы 
өзгерістер 5 айдан ерте байқалмайды. Ішкі мүшелер диффузды 
қабыну инфильтрациясының дамуымен, кейін дәнекер тінінің
өсуімен 
ұлғайып, 
тығыздалады. 
Кейде 
инфильтративті 
жиналулар, әсіресе бауыр және талақта, милиарлы сифиломалар 
түзеді. Өкпеде альвеолааралық пердеде арнамалы инфильтрация 
әсерінен «ақ пневмония» көріністері анықталып, альвеолар 
эпителийінің десквамациясы мен гиперплазиясы байқалады. 
Зақымдалған өкпенің бөлігі тығыздалып, ақшыл-сұрғылт түсті 
болады. 
Остеохондрит 
және 
остеопериостит 
көріністері 
байқалады. Өлі туылған ұрықтың терісі мацерацияланған, 
эпидермисі 
болбыр, 
кейбір 
жерлерде 
эрозияланған, 
аутолитикалық ферментативті процесс әсерінен пласт болып 
үстіне жиналады. Тері асты шел май қабатының әлсіз дамуына 
байланысты тері тез қатпарланып, әсіресе бетіндегі тері, қарт 
адамның бетіне ұқсас болады. 


Ұрықтың мерезінің құрсақішілік дамуының 5-6 айында 
рентгенде сүйек жүйесінің арнамалы остеохондроз, сирек 
остеопериостит түріндегі көріністер жиі мерездің белгісі болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   432   433   434   435   436   437   438   439   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет