Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Жасырын (айқындалмаған) мерезді



Pdf көрінісі
бет435/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Жасырын (айқындалмаған) мерезді
жұқтырудың уақыты 
және жұғу жолы анықталмаса диагностикалайды. Жасырың 
мерезді кеш және ерте деп бөлгендіктен, анықталмаған мерез 
диагнозын сирек қояды. Мерез туралы клиникалық және 
анамнездік мәліметтер болмаған жағдайда, тек серологиялық 
тесттердің негізінде мерездің басынан симптомсыз жасырың 
өткенін айтуға болады.
4.1.9.
 
Т
УА ПАЙДА БОЛҒАН МЕРЕЗ 
 
 
Туа пайда болған мерез – бозғылт трепонеманың ауру 
анасынан ұрыққа плацента арқылы берілуінен дамиды.
Ұрықтың инфициялануы анасының жүктілікке дейін немесе 
кештеу, яғни ұрықтың әр түрлі даму кезеңдерінде ауыруына 
байланысты жүреді. Бозғылт трепонемалар ұрыққа кіндік 
веналары немесе лимфатикалық тамырлардың саңылаулары 
арқылы өтеді.
 
Бозғылт трепонемалардың ұрық организміне ерте кезеңде өтсе 
де, қандай да бір патологиялық зақымдалулар гестацияның 5-6 
айында жүреді, яғни жүктіліктің басында арнамалы ем алған 
әйелдерде дүниеге сау нәрестенің тууы ықтимал. Екіншілік мерез 
спирохетемиямен жүргендіктен, мұндай екіншілік мерезбен 
ауыратын әйелдерде дені сау емес баланың тууына қауіп-қатер 
төнеді. Сонымен бірге, мерездің балаларға берілуі, анасының 
жұқтырғаннан кейін бірінші жылдар бойына берілуінің қаупі 
жоғары, ал кейінгі жылдары мерездің балаларға берілуінің қасиеті 


төмендеу. Туа пайда болған мерезбен ауыратын әйелден 
нәрестелердің мерезбен туылуы екінші, үшінші ұрпақтарында 
кездесуі мүмкін, бірақ ол сирек байқалады. 
Мерезбен ауыратын әйелде жүктілігі кеш түсікпен, алдын-ала 
босанумен, аурудың кеш және ерте көріністерімен немесе
жасырын инфекциямен науқас баланың дүниеге келуі мүмкін. 
Жүктіліктің ақыры мерездің әр түрлі даму сатысына байланысты, 
себебі ұрықтың инфициялануы инфекцияның активтілігіне 
байланысты болып келеді. Ұрықтың сперматозоид арқылы жұғуы 
осы уақытқа дейін дәлелденбеген. Белсенді түрде науқас 
әйелдерді анықтау, өз уақытында арнамалы ем жүргізу, 
науқастарды тіркеу, мерездің белсенді формаларымен ауыратын 
науқастармен қатынаста болғандарды тексеру туа пайда болған 
мерездің санын азайтар еді. Жүкті әйелдерді мерзімінде тексеріп, 
арнамалы ем жүргізудің маңызы зор. Осы мақсатпен міндетті 
түрде жүктіліктің бірінші және екінші жартысында үш реттік 
серологиялық тексеру жүргізеді. 
Әйелдер кеңестік емханасында барлық мерезбен ауыратын 
әйелдер және сауыққан әйелдер туралы мәліметтер болу керек. 
Мерезбен ауыратын жүкті әйелге арнамалы ем жүргізгеннен соң 
және аурудың жұқпалы көріністерін жойғаннан кейін, түсік 
жасауға рұқсат беріледі. Егер мерезбен ауыратын әйел босанамын 
деп шешсе, оны перзентхананың белгілі бір бөлімшесіне жолдап, 
бұрын жасалмаған клиникалық және серологиялық тексерістерді 
жүргізеді. Егер күмәнданған серологиялық реакциялар болған 
жағдайда ретроплацентарлы қанды қайта тексереді. Бұл жағдайда 
олар арнамалы оң болады. Алайда, босануға дейін және 
босанғаннан соң 10–20 күнде серологиялық реакциялар жалған оң 
болуы мүкін, сондықтан әйелдер консультациясында осы мерзім 
аяқталғанша әйелді тексеру керектігін есте сақтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет