4.1.8. Ж АСЫРЫН МЕРЕЗ Мерездің диагнозы қандай да бір клиникалық көрініссіз,
серологиялық реакцияның оң нәтижесі негізінде қойылады.
Статистика
мәліметтері
бойынша
жасырың
мерезбен
ауыратындардың саны көбейіп келеді. Мысалы, жасырың
мерездің 90% профилактикалық тексерулерде, әйелдер кеңестік
емханаларында, соматикалық ауруханаларда анықтайды.
Сифилисті
ерте жасырын мерез (инфицирленуі 2 жылға
дейін),
жасырын кеш (2 жылдан артық) және
жасырын жіктелмеген (айқындалмаған) деп бөледі.
Ерте жасырын мерезге біріншілік серопозитивті мерезден
екіншілік рецидивтіге дейн қоса, тек белсенді емес клиникалық
көріністер жатады. Алайда осы науқастрда кез-келген кезде
мерездің белсенді жұқпалы түрі пайда болуы мүмкін. Мерезге
байланысты мұндай науқастар эпидемиялық қауіп төндіретін
топқа жатады.