Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет429/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

 
149-сурет. Сирақтағы гумма 


оны мерездің сүйікті сиүйегі деп атады) дамиды. Сүйектің 
солитарлы гуммасы біртіндеп дәнекер тінімен алмастырылып
оссификацияланады, бірақ жиі гуммозды инфильтрат ыдырайды. 
Процесс зақымдалған сүйек бетіндегі теріні алып, түбінде 
некрозданған сүйек тіні бар терең гуммозды жара 
(149-сурет)
түзіледі. 
Гуммозды процесс сүйектің белгілі бір айтарлықтай 
аумағында орналасып, тереңдеп, сүйектің қалыңдығын толық 
қамтып, сонымен қатар сүйек майында алып жатуы мүмкін. 
Бұл жағдайда гуммозды остеомиелит туралы сөз болады. 
Морфологиялық 
тұрғыдан 
қарағанда, 
мұндай 
процессте 
деструктивті және продуктивті құбылыстар, соңғысы жиі,
байқалады. Сүйек қалыңдап, тығыздалып, деформацияланып, ал 
шеттері тегіс емес болады. Мұндай зақымдалулар рентгенде 
айқын сүйектік реакциямен жүретін созылмалы қабыну 
процесстерін еске түсіреді. Арнамалы гуммозды процесстер 
продуктивті 
гиперестетикалық 
өзгерістермен 
өрнектеледі. 
Диагностиканы анамнез, басқа да мерездің клиникалық көрінісі
лабораторлық өзгерістер (қан, жұлын), жиі сынамалы емнің 
нәтижесі жеңілдетеді. 
Өте сирек қысқа сүйектер (омыртқалар, қолдың сүйектері) 
зақымдалады. Периостальды қосылулар және гиперестезиялар 
байқалмайды. 
Мерезде буындардың ауруы сүйектердің зақымдалуларына 
қарағанда сиректеу болады. Негізі біріншілік синовиальды (буын 
қалталарының және қабығының зақымдалуы) және біріншілік 
сүйекті (сүйектер мен буын шеміршектердің зақымдалуы), 
мерездік артриттерді ажыратады. Біріншілік синовиальды 
артриттер жедел және созылмалы болады. Жедел формаларына 
гуммозды процесстің буынға жақын орналасу (метафиз, эпифиз) 
нәтижесінен болатын реактивті артриттерді жатқызады. Жиі 
созылмалы синовиальды артриттер кездеседі. Клиникада бұл 
артриттер ауырсыну, буынның шар тәрізді ісінуімен, буын ішілік 
экссудатпен, 
аздаған 
буынның 
қызметінің 
бұзылуымен 
байқалады. Остеоартриттер гуммозды процесс сүйектердің 
буындық шеттерін зақымданғанда байқалады. Рентгенде 


эпифизде аз ғана склеротикалық реакциямен көрініс беретін 
дөңгелек ұяшықты мүкістіктер туғызады. Жиі тізе, иық, шынтақ 
және балтыр буындары зақымдалып, кейін деформацияланып, 
қозғалыстары сақталады. Аздаған ауырсыну сақталса да, 
науқастың жалпы жағдайы өзгермейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет