Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет427/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Ми 
заттары 
зақымдалғандағы 
(паренхиматозды 
нейросифилис) негізгі формасы жұлынның семуі (сухоткасы) 
мен прогрессивті салдану болып келеді
. Қазіргі уақытта 
жұлынның семуінің (сухоткасының) белгілері аз, субъективті 
сезімдері (табетикалық ауырсынулар, криздер, парестезиялар, 
жамбас мүшелерінің қызметінің бұзылыстары болмайды) көбіне 
болмайды. Невропатолог қарағанда кездейсоқ анықталуы мүмкін. 
Бір қатар науқастарда қанның серологиялық реакциясы теріс 
болады. Табеттің диагностикасында клиникалық симптомдарында 
көз бұршағының зақымдалуы (миоз, мидриаз, анизокория, 
Аргайл–Робертсон симптомы), тізе және ахиллов рефлекстерінің 
болмауы, 
Ромберг 
позасында 
шайқалуы, 
сүйек-ауа 
диссоциациясы, трофикалық бұзылыстар, арқасында салдану, 
гиперестезиясы, төс аймағында ауырсыну гиперестезиясының 
маңызы зор. Бірақ жоғарыда айтылған белгілерге науқастар 
шағымданбайды, 
мүшелердің 
қызметі 
де 
бұзылмайды. 
Прогрессивті параличті диагностикалап, науқастарды тіркеп, 
емдейтін психиатрлар. Бірақ аурудың бастапқы кезеңдерінде 
науқастар венерологқа (әсіресе мерезге байланысты бұрыннан 
нашар емделіп жүргендер) көрінуі мүмкін.
РПГА және РИФ арқылы мерездік этиологиясы айқын оң 
болады.


Мерездің ерте және кеш формаларында жұлынның 
патологиялық өзгерістерін анықтауға болады: лимфоцит санының 
көбеюі, глобулин, яғни белок деңгейінің көбеюі. Жұлынды 
зерттегенде Ноне–Апельт, Панди, Вейхбродт реакцияларын 
қолданып, паралитикалық тип бойынша коллоидты алтынмен 
Ланге реакциясының қисығын есепке алады. 
Аурудың бастапқы клиникалық симптомдарына науқастың 
мінез-құлқының өзгерісі, қоршалған адамдармен қарым-
қатынасы, есінің, жазуының, санаудың бұзылысы жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет