4.1.6.
М
ЕРЕЗДЕ СҮЙЕКТЕР МЕН БУЫНДАРДЫҢ ЗАҚЫМДАЛУЫ
Мерезде периоститтер, оститтер және остеомиелиттер болуы
мүмкін. Олар шектелген немесе таралмалы болады. Мысалы
остит үнемі периоститпен, ал остеомиелит оститпен қосарланып
жүреді.
Мерездік периоститтердің тек қана сүйектерді зақымдайтын
түрі сирек кездеседі. Әдетте, процесс бір уақытта көптеген
сүйектерде пайда болып, ұзақ уақытқа созылады. Мерездік
таралған периоститтер қыры немесе шілтер сияқты болады.
Гуммозды периостит сүйектік реакцияның гумма сияқты көрініс
беретін
шектеулі
процесс.
Периостальды гумма сүйек тініне
инфильтраттың қысыммен басуы ғана
емес, қабыну процессі сүйек тұсынан
сүйекке өтіп, сүйекте деструкция
туғызады. Түзілген өрнек сүйек
тінінің
склероздануынан
өтіп,
периост
сүйектенеді.
Клиникада
сүйекте тығыз, анық шектелген ісіну
байқалып, кейде сүйектің бетінен
шығып тұрады. Науқастарды түнге
қарай ауырсыну мазалайды. Мұндай
гуммозды
өзгерістер
жиі
бас
қаңқасының
сүйегінде,
үлкен
жіліншіктің алдыңғы бетінде (Фурнье
Достарыңызбен бөлісу: |