Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Емшек жасындағы балаларда тұмау мерездің жалғыз ғана



Pdf көрінісі
бет440/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Емшек жасындағы балаларда тұмау мерездің жалғыз ғана 
клиникалық белгісі болуы мүмкін.
Мұрынның кілегей қабығы 
ісінген, кейде эрозияланған, мұрнынан кілегей, қан және ірің 
аралас бөлінді байқалуы мүмкін. Бөлінді қабыршақтанып, көп 
мөлшерде құрғап, кейде толығымен мұрын жолдарын жауып 
тастайды. Емшек емген кезде бала кезеңді түрде терең дем алу 


үшін емшектен бас тартады. Мұрын арқылы тыныс алуы 
қиындаған, тынысы шулы, ысқырықты болып, баланың 
арықтауына алып келеді. Ұзақ уақытқа созылған тұмаурату 
мұрынның 
сүйекті-шеміршекті 
бөлігінің 
деструктивті 
өзгерістеріне және оның деформациясына алып келеді. 
Көмейдің 
кілегей қабығының 
арнамалы зақымдалуы 
диффузды инфильтрация және даусының қарлығуымен, сирек 
жаралы ларингитпен сипатталады. Процесс шеміршекке өтсе, 
кейін стеноздың дамуымен шеміршектің бұзылуы, перихондрит 
дамиды. Маңдай аймағында диффузды инфильтрация болып, тері 
осы аймақта керілген, құрғақ, жылтыр, мыс реңді тұнба-
эритематозды түсті болып келеді. Процесстің қабақ үсті 
доғаларына таралуы қабақтың сиректенуімен сипатталады. 
Бастың шашы сиректеніп, түседі. 
Бөксенің, санның артқы бетінің, балтырдың, ұманың, жыныс 
еріндерінің зақымдалуы сиректеу кездеседі. Қол және аяқ 
саусақтарының 
диффузды 
зақымдалуы 
тырнақ 
деформацияларымен сипатталады. Дененің терісіндегі розеолезді 
бөртпе сиректеу болып, кейде қабыршақтанып, қосылып, балалар 
мен ересектердегі жүре пайда болған мерезге ұқсамайтын 
розеолезді бөртпеге тән емес болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет