Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Кеш туа пайда болған мерез



Pdf көрінісі
бет448/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Кеш туа пайда болған мерез.
Бұл формаға 4-5 жастан 
асқан балада кездесетін мерездің кез-келген көрінісі жатады.
Көптеген қаламгерлер кеш туа болған мерезді ерте балалық шақта 
ауырған немесе жасырың түрде өткен мерездің рецидиві деп 
санайды. Кеш туа болған мерездің активті көрінісі үшіншілік 
мерездің көрінісіне ұқсас, бірақ терідегі зақымдалулар туа болған 
мерезбен салыстырғанда көп болмайды. 
Төмпешікті-жаралы 
сифилидтер 
денеде, 
аяқ-қолда 
ораналасады. Төмпешіктер топтасуға бейім болып келеді. 
Гуммозды сифилидтер жалғыздап және кештеу шығады. 
Төмпешікті және гуммозды сифилидтер тез ыдырап, жаралар 
түзеді. Олар мұрынның кілегей қабығында орналасып, 
шеміршекті және сүйекті бөліктерді алып, мұрын пердесін 


перфорациялап, кеңсіріктің ішіне опырылып кетуіне алып келеді. 
Қатты таңдайдың гуммозды зақымдалуында перфорациялық
мүкістіктің пайда болуымен сүйек тінінің бұзылуы болады. 
Сонымен қатар, кеш туа болған мерез белгілерімен қатар, 
кейбір науқастарда емшектік кезеңде басынан өткен мерез 
белгілері де Рабинсон-Фурнье тыртықтары, ер тәріздес мұрын, 
бас қаңқасының деформациясы, остеопериоститтің қалдық 
белгілері кездеседі. Тек туа болған мерезге шартсыз белгілер (туа 
болған инфекцияға нақтылы меңзейтін) және қосымша болуы 
мүмкін белгілер (қосымша дәлелдеуді қажет ететін) тән болып 
келеді. Дистрофиялар (стигмалар) көптеген созылмалы жұқпалы 
ауруларда кездеседі, туа болған мерезге тән емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   444   445   446   447   448   449   450   451   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет