Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


Ерте балалық шақтың туа пайда болған мерезінде



Pdf көрінісі
бет446/570
Дата11.05.2022
өлшемі7,25 Mb.
#142152
түріОқулық
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   570
Байланысты:
Дерматовенерология

Ерте балалық шақтың туа пайда болған мерезінде
көздің 
зақымдалуы байқалады – хориоретинит және көз нервісінің 
атрофиясы болады. Кейде осы белгі туа пайда болған мерездің 
негізі болады. Хориоретинитте көз түбінің шеткі аймағында 
пигмент ұсақ тастары және дипигментация шекарасы – «тұз және 


бұрыш» симптомы болады. Көру нервісінің зақымдалуы көру 
нервісінің дискісінің контурының анықсыздығымен және 
атрофияланып, көзінің көрмей қалуымен сипатталады. 
Жүйке 
жүйесінің 
зақымдалуы 
менингит, 
менингоэнцефалит және гидроцефалия түрінде көрініс береді

Менингит
шүйде 
бұлшықеттерінің 
қатаюымен 
(ригидтілігімен), мазасыздық, құрысудың қысқа ұстамаларымен,
салданумен, көз бұршақтарының әртүрлігімен сипатталады. 
Менингоэнцефалит 
толық 
және 
жартылай 
салданумен 
сипатталады. Белгісіз мерездік менингит болуы мүмкін. 
Арнамалы мерездік менингиттің негізгі көрінісі жұлын 
сұйықтығында болуы мүмкін. 
Гидроцефалия

жұмсақ ми қабығының қабынуының 
нәтижесінде пайда болатын мида су жиналу. Гидроцефалия жиі 
туғанда немесе өмірінің алғашқы 3-айында пайда болып, жедел 
және созылмалы болып бөлінеді. Бас қаңқасы ұлғайып, еңбегі 
керілген, көз алмасының шығыңқы болуы байқалады. Жұлын 
сұйықтығын зерттегенде клеткалық элементтердің және белоктың 
көбеюімен оң глобулинді және морфологиялық реакциялар 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   570




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет