Мерездік ринит емшек жасындағы балаларда сиректеу
кездесіп, мұрын пердесінің атрофиялық процессімен және немесе
перфорациясымен байқалады.
Диффузды немесе ошақты
арнамалы алопеция болуы мүмкін. Ішкі мүшелердің зақымдалуы
сиректеу кездеседі. Бауыр мен талақ едәуір өзгерген болып
келеді. Олардың көлемі ұлғайып,
пальпацияда тығыз және
ауырсынулы болып келеді. Бүйректің зақымдалулары сирек
кездеседі. Зәрде белок, эпителий, цилиндрлер және эритроциттер
болады. Жиі гипохромды анемия және лейкоцитоз анықталады.
Патологиялық өзгерістерді эндокринді бездерде де (қалқанша
маңы безі, гипофиз) анықтауға болады. Ерте балалық шақта
висцероэндокринопатиялар белгісіз болады және мүшенің
қызметі бұзылғаннан кейін кештеу анықталады. Остеосклероз
көріністерімен болатын периоститтер
және остеопериоститтер
рентгенде анықталады.
Ерте туа пайда болған мерезде классикалық клиникалық
белгілермен
қатар
клиникалық
көрінісі
аздау
және
моносимптомактика (тері мен кілегей қабаттардың зақымдалуы
немесе түтікше сүйектердің немесе ішкі мүшелердің зақымдалуы)
болуы мүмкін. Ерте туа пайда болған мерездің жасырың формасы
айқын (манифестті) түрінен басым (К.К. Борисенко, О.К. Лосева
және басқалар) болады. Диагноз РИФ және РИБТ-ның өте жоғары
оң нәтижесімен дәлелденеді.
Достарыңызбен бөлісу: